ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен кезеңнің үздік ойыншысы «Торпедо» өкілі Александр Шин деп танылды. Бейбарыспен түздегі тартыста тәжірибелі шабуылшы 3 (0+1) ұпай жинады. Бірінші ойында ол өз командасының жалғыз шайбасын негізгі уақытта салды. Екінші ойында өскемендіктердің 49-ыншы нөмірлі ойыншысының дөп салған шайбасы жеңіс әкелді.
Торпедолықтар көбіне көп өз көшбасшыларының бірінің сенімді ойынының арқасында Атыраудан бес ұпайды қанжығаға байлап қайтты. Осылайша өзінің жеңісті кездесулер санын алтауға жеткізді. Шиннің өзі салған төрт шайбасымен лиганың үздік сұр мергендерінің қатарына кірді.