ҚР Кубогінің бесінші ойын күнінің аңдатпасы

25 tamyz
2225

Бүгін Қарағандыда Parimatch – Қазақстан Кубогінің жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді.

14:00 «Ақтөбе» - «Бейбарыс»

Жартылай финалға алғашқы жолдама екі батыстық ұжым арасында ойнатылады. «Ақтөбе» алғаш рет Қазақстан Кубогінің плей-офф кезеңіне жетті. Ал «Бейбарыс» үшін шешуші кубоктық тартыстарға шығу жаңалық емес. Алайда бір қызығы, атыраулық ұжым осы уақытқа дейін бұл жүлдені бір де бір рет қанжығасына байламады.

Михаил Шанцевойдың командасын топтық кезең басталар алдында «Торпедо» мен «Номад» командасы тұрғанда, С тобының ішінен көш бастайды деп ешкім күтпеген де шығар. Алайда қызыл-қаралар алдын ала кезеңді жақсы өткізіп, бұл төрттіктің ішінде бірінші орынға шықты. Бұл ретте ақтөбеліктер турнирдің барлық қатысушылары арасында нәтижелілік бойынша екінші нәтиже көрсетті.

Ұпай жинаудан «Ақтөбенің» ішінен Александр Воронин алға кетті. Шабуылшының қоржынында 5 (1+4) балл бар.

«Бейбарыс» Кубоктегі ойынын жеңілістен бастады. Алайда әрі қарай Артём Аргоковтың ойыншылары өз ойын өрнегін тауып, жартылай финалға шығуға қажетті ұпайлар жинады. Бұл тұрғыдан «Арланмен» кездесу аса маңызды болды: атыраулықтар есептен есе жіберіп келе жатып, қысқа уақыт ішінде екі нәтижелі шабуыл жасап, есепті өз пайдасына жықты.

Денис Курепанов – әлі де «Бейбарыстың» басты қозғаушы күші. Форвардтың есебінде үш матч бойынша 5 (3+2) балл бар – бұл барлық ойыншылар арасындағы үшінші нәтиже.

19:00 «Сарыарқа» - «Торпедо»

Өткен Кубок ойынында бұл командалар финалда жолығып, нәтижесінде «Сарыарқа» турнир тарихында алғаш рет бұл кубокті иеленді.

Қарағандылықтар топтық кезеңді сенімді түрде өтіп, соның арқасында Леонид Тамбиевтің командасы негізгі уақытта барлық үш матчты жеңіп, плей-офф кезеңіндегі бөліністің алғашқы нөмірін алды. Оның үстіне, «Сарыарқа» алдын ала кезеңнің ең нәтижелі ұжымы атанды.

Шабуылшы Михаил Рахманов 6 (3+3) ұпаймен қазіргі таңда турнирдің ең үздік бомбардирі атанды.

«Торпедо» топ қорытындысы бойынша екіұшты сезім қалдырды. Команда «Горняк» пен «Номадты» жеңіс үшін тер төкті, ал «Ақтөбемен» жекпе-жекте жинаған балы нәтижесінде жартылай финалға шығуға жетті. Басқа топтардағы шешуші матчтардың нәтижесі өскемендіктердің оң жаңбасына тиді.

Шабуылшы Дмитрий Белохонов пен Дмитрий Гренц «Торпедоның» үздік бомбардирлері (екеуінде де 3 (1+2) балл) атанды.

Айтып өтетін жайт, «Сарыарқа» мен «Торпедо» бұл жазда екі кездесуден өткізді. Қарағандыдағы жолдастық матчта алаң иелері сенімді түрде жеңіске жетті – 5:1. Қазақстан Республикасы Президенті Кубогі аясындағы матчтың нәтижесі төмендеу болғанымен, Леонид Тамбиевтің командасына пайдасына шешілді – 2:1.