Нәтижелі Сарыарқа және сұрмерген Ипатов. ҚР Кубогінің топтық кезеңінің қорытындысы

24 tamyz
2065

Назарларыңызға Қазақстан Кубогінің топтық кезеңінің кейбір статистикалық қорытындыларын ұсынамыз.

Топтық кезеңнің 18 матчында 101 шайба (әр матчта орташа 5,61) салынды.

Ең нәтижелі жекпе-жек алғашқы ойын күнінде болды. «Сарыарқа» «Ертісті» 8:1 есебімен ойсырата жеңді.

Дәл сол күні «Арлан» «Алтай Торпедоға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті (2:0). Бұл ойын алдын ала кезең аясындағы ең нәтижесі төмен ойын атанды.

Топтық кезеңнің ең нәтижелі командасы «Сарыарқа» болды. Қазіргі Кубок иегері 3 матчта 14 нәтижелі шабуыл жасады. Бұл ретте Леонид Тамбиевтің командасы – барлық жекпе-жектерін негізгі уақытта жеңіп алған турнирдің жалғыз қатысушысы.

Ең нашар нәтиже «Алтай Торпедоға» тиесілі. Жас өскемендік ұжым 3 ойында бар болғаны 2 шайба салды.

Қорғаныстағы ойын бойынша ең сенімді командалар «Сарыарқа», «Теміртау» және «Арлан» болды. Бұл ұжымдар 4 шайбадан өткізді.

Бұл көрсеткіш бойынша ең соңғы қатарда «Ертіс» орналасқан: 3 кездесу барысында 17 шайба өткізді.

«Сарыарқаның» форварды Михаил Рахманов топтық кезеңнің үздік бомбардирі атанды. Ол нәтижелілігі үшін 6 (3+3) ұпай жинады. Төрт спортшы 5 балдан жинады.

Бұл қатарға турнирдің үздік сұрмергені Вячеслав Ипатов кіреді. «Алматының» шабуылшысы қарсыластың қақпашыларын төрт рет сан соқтырды. Сондай-ақ Ипатов әр матчта көзге түсті.

«Горняктағы» Александр Воронин мен Оскар Юлбарисов, сондай-ақ «Ертістегі» Диас Атаханов 4 нәтижелі берілістен жасады. Олар – ассистенттер арасында топтық кезеңнің көшбасшылары.

Алдын ала кезеңнің ең нәтижелі қорғаушысы «Алматы» өкілі Сергей Машинец, ол 4 (1+3) балл жинады.