«Алматы» нәтижелі матчта «Алтай Торпедоны» жеңді. «Ақтөбе» топтағы үш кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. «Ертіс» пен «Құлагер» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. «Бейбарыс» «Арланмен» тартысып, жеңіске жетті. «Сарыарқа» «Теміртауды» жеңіліске ұшыратты. «Номад» пен «Торпедо» буллиттер сериясынан кейін тарқасты.
«Алматы» «Алтай Торпедоның» қақпасына әрбір кезеңде екі шайбадан салды да, Кубоктің топтық кезеңін сенімді жеңіспен аяқтады. Екі шайбаны өз есебіне Никита Баженов жазды.
«Алматы» - «Алтай Торпедо» 6:2 (2:1, 2:1, 2:0)
1:0 – 04:50 – Баженов (Машинец, Бурделёв) ГБ
2:0 – 05:16 – Абил (Калиновский, Леванов)
2:1 – 10:04 – Куянов (Уваров, Хоменко) ГМ
3:1 – 26:06 – Машинец (Бурделёв) ГБ
3:2 – 26:06 – Войтов (Буденчук, Джангазинов)
4:2 – 32:08 – Ипатов (Щукин, Чиглинцев) ГМ
5:2 – 49:14 – Катасонов (Святына, Абио) ГБ
6:2 – 59:09 – Баженов (Ипатов, Бурделёв)
Қақпашылар: Мельников – Терёхин (Осокин, 50:04-60:00)
«Горняк» пен «Ақтөбе» нағыз айқас ұйымдастырды. Бұл жекпе-жекте батысқазақстандық команда жеңімпаз атанды. Бұл ретте Владимир Шанцевойдың ойыншылары барлық матчтарында жеңіске жетіп, Кубоктің финалдық бөлігіне жолдама алды. Жеңімпаздар құрамынан Вадим Митряков дубль жасап көзге түсті.
«Горняк» - «Ақтөбе» 4:5 (1:3, 3:1, 0:1)
0:1 – 02:24 – Ковзалов (Кутугин, Киселёв) ГБ
0:2 – 03:41 – Митряков (Егоров, Воронин) ГБ
1:2 – 03:59 – Щанкин (Юлбарисов, Уколов)
1:3 – 16:34 – Митряков (Зинченко, Егоров)
1:4 – 28:58 – Иванов (Воронин)
2:4 – 30:44 – Юлбарисов
3:4 – 32:42 – Кунишников (Юлбарисов, Москалев)
4:4 – 39:28 – Уколов
4:5 – 46:11 – Зинченко (Степанов)
Қақпашылар: Скрынников – Тихонов (Шаров, 32:42-60:00)
«Құлагер» «Ертіспен» кездесудің соңғы минутында ғана жеңілістен құтылып, ойынды овертаймға айналдырды. Қосымша бес минутта петропавлдықтар павлодарлықтардың арынын басып, турнирдегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
«Ертіс» - «Құлагер» 2:3 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 0:1)
1:0 – 18:18 – Пальмтаг (Атаханов)
1:1 – 32:55 – Ахметов (Репин, Черников)
2:1 – 56:29 – Евлоев (Атаханов, Пак)
2:2 – 59:15 – Хасенов (Ахметов, Крашенинин)
2:3 – 61:56 – Власов (Ильин)
Қақпашылар: Забродин – Грязнов
«Сарыарқа» «Теміртауды» жеңіп, жартылай финалға шықты. Матчтың тағдырын қорытынды кезеңнің ортасына қарай Саян Данияр салған шайба шешті. «Сарыарқа» жартылай финалға шықты, «Теміртау» шешуші раундқа кірмей қалды.
«Сарыарқа» - «Теміртау» 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)
0:1 – 16:03 – Кошелев (Нероев)
1:1 – 28:01 – Кожевников (Молодцов)
2:1 – 50:12 – Данияр (Молодцов, Кулиев) ГБ
Қақпашылар: Каратаев – Селивёрстов
«Бейбарыс» үшінші кезеңнің ортасындағы екі шайбаның арқасында «Арланды» жеңіп кетті. Кубоктің финалдық бөлігіне жолдаманы атыраулықтарға Артём Гарифулин жасаған соққы сыйлады.
«Арлан» - «Бейбарыс» 1:2 (0:0, 0:0, 1:2)
1:0 – 42:46 – Лукин (Бердников, Евграфов)
1:1 – 47:09 – Курепанов (Воробьев, Ишмаметьев)
1:2 – 48:59 – Гарифулин (Титов, Закарлюкин)
Қақпашылар: Румянцев – Хозяшев
«Торпедо» басқа топтардағы бәсекелестері жіберген қателіктерді пайдаланып, ҚР Кубогінің төртінші жартылай финалисті атанды. Өскемендіктер буллиттер бойынша «Номадты» жеңіп, екінші орын алғандар қатарынан ең үздік ұжым атанды.
«Номад» - «Торпедо» 2:3 Б (1:2, 1:0, 0:0, 0:0, 0:1)
0:1 – 03:52 – Дзедаев (Юксеев, Щербов) ГБ
0:2 – 13:17 – Шитиков (Кучин)
1:2 – 15:08 – Мусоров (Пархоменко, Пелевин) ГБ
2:2 – 37:00 – Гатиятов (Гусейнов)
2:3 – 65:00 – Шитиков ПБ
Қақпашылар: Амирбеков (Дубинскас, 59:28-60:00) – Нурек