ҚР Кубогінің екінші күніне шолу

21 tamyz
2072

«Сарыарқа» Кубокте екінші рет жеңіске жетті. «Арлан» «Алматының» арынын басты. «Ақтөбе» «Номадты» еш қиындықсыз жеңді.

«Сарыарқа» «Құлагермен» матчта қарсыласты тырп еткізбеді. Қазіргі чемпион есеп өз пайдасына шешіліп, 3:0 болғанда ғана қарсыласқа шайба салуға мұрша берді.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)

0:1 – 07:37 – Аноховский (Рахманов, Безруков)

0:2 – 22:58 – Яковлев (Волков, Нургалиев)

0:3 – 48:32 – Данияр (Кулиев, Голоднюк) ГБ

1:3 – 54:05 – Хасенов (Ахметов)

1:4 – 57:14 – Рахманов (Данияр, Аноховский)

2:4 – 57:43 – Наместников (Ильин)

Қақпашылар: Грязнов – Еремеев

«Арлан» «Алматымен» матчта әрбір кезеңде бір нәтижелі шабуылдан жасап, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. «Көкшеліктерге» екі ұпайды Павел Володин салған шайба әкелді.

«Алматы» - «Арлан» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

0:1 – 12:28 – Пархоменко (Гребенщиков, Карабань)

1:1 – 17:45 – Ипатов (Машинец, Святына)

2:1 – 30:35 – Сейфулов

2:2 – 36:34 – Пархоменко (Акишин, Карабань) ГБ

2:3 – 44:52 – Володин

Қақпашылар: Полуэктов – Румянцев

«Ақтөбе» «Номадпен» жекпе-жекті сенімді түрде өткізіп, нәтижесінде «көшпенділердің» қақпасына бес шайба аттанды. Никита Харькин дубль жасап, көзге түсті. Михаил Шанцевойдың командасы Кубоктің финалдық бөлігіне шығудан үмітті.

«Ақтөбе» - «Номад» 5:1 (2:0, 1:0, 2:1)

1:0 – 03:54 – Харькин (Воронин) ГБ

2:0 – 15:10 – Харькин (Киселёв, Зинченко)

3:0 – 37:48 – Ковзалов (Киселёв, Потайчук)

4:0 – 42:22 – Ермолаев (Воронин, Иванов)

4:1 – 51:40 – Рунов (Пелевин)

5:1 – 59:57 – Тесленко ГМ

Қақпашылар: Шаров – Амирбеков