В тобының матчтары Петропавлда өтетін болды

21 tamyz
1987

2021-2022 маусымындағы Parimatch-Қазақстан Кубогінің алдын ала кезеңінің қалған матчтарын В тобының командалары Петропавлдағы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайының алаңында өткізеді.

Мұндай шешім «Бурабай» спорт сарайындағы мұзды арена сапасының нашарлығына байланысты қабылданды.

Еске сала кетейік, В тобында ҚР Кубогінің финалдық бөлігіне шығу үшін «Арлан», «Алтай Торпедо», «Бейбарыс» және «Алматы» тартысады.