«Торпедо» мен «Ақтөбе» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Ипатов жасаған дубльдің арқасында «Алматы» «Бейбарысты» үлкен тартыспен жеңді. «Теміртау» ҚР Кубогін «Құлагерге» қарсы ойындағы құрғақ жеңістен бастады. «Сарыарқа» «Ертісті» ойсырата жеңді. «Арлан» «Алтай Торпедоның» екпінін басты. «Номад» «Горнякқа» қарсы тартысқа төтеп берді.
«Құлагер» «Теміртаудың» қақпасына 29 соққы жасап, олардың бір де біреуі нәтижелі болмады. Ал Георгий Верещагиннің командасы өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, сенімді түрде жеңіске жетті. Кездесудің басты кейіпкері өз қоржынына «құрғақ» ойынды жазған қонақ команданың голкипері Виктор Селивёрстов болды. Дубль Евгений Королинскийге тиесілі.
«Құлагер» - «Теміртау» 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)
0:1 – 10:47 – Кошелев (Летов, Потапов) ГБ
0:2 – 43:20 – Королинский (Нероев, Киселёв)
0:3 – 56:53 – Королинский (Кошелев) ПВ
Қақпашылар: Нечвиенко – Селивёрстов
«Бейбарыс» бастапқы кезеңді екпіндетіп бастап, екі шайбамен алға кетті. Алайда бұған алматылықтар еш саспады да, қатарынан үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырып жіберді. 60 минуттың қорытындысы бойынша таблода 3-3 жанып тұрды. Овертаймда дубль жасаған Вячеслав Ипатов оңтүстік астаналық ұжымға турнирдегі алғашқы жеңісін сыйлады.
«Бейбарыс» - «Алматы» 3:4 ОТ (2:0, 0:2, 1:1, 0:1)
1:0 – 03:35 – Титов (Гарифулин, Габазов)
2:0 – 16:33 – Курепанов (Артамонов, Ишмаметьев) ГБ
2:1 – 23:14 – Панков (Тунхузин, Чиглинцев)
2:2 – 25:13 – Ипатов (Кузнецов)
2:3 – 44:57 – Леванов (Панков, Тунхузин)
3:3 – 48:58 – Твердохлебов (Ананичев Ал., Болякин) ГБ
3:4 – 64:37 – Ипатов (Баженов, Машинец)
Қақпашылар: Мальгин – Полуэктов
Руслан Сулеймановтың командасы фаворит ретінде бүкіл матчты белсенді өткізді. Алайда ақтөбеліктер қорғаныста мықты болып, әлсін-әлсін қызықты қарсы шабуылдар жасап отырды. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Илья Ковзалов кемі кешкі сессияға дейін «Ақтөбені» С тобындағы бірінші орынға шығарды.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 2:3 Б (2:1, 0:1, 0:0, 0:0, 0:1)
0:1 – 01:56 – Митряков (Егоров) ГБ
1:1 – 12:12 – Бельгибаев (Петров, Белохонов)
2:1 – 18:35 – Дерзаев (Белохонов, Петров)
2:1 – 27:22 – Митряков ШБ
2:2 – 28:18 – Воронин (Горожанинов) ГБ
2:3 – 65:00 – Ковзалов ПБ
Қақпашылар: Янков – Шаров
«Сарыарқа» бірінші кезеңде-ақ «Ертіспен» матчта жеңімпаз кім атанатынын ұқтырды. Павлодарлықтар құрғақ жеңілістен құтылып кетті, алайда Владимир Оленченконың ойыншыларының қорытынды есепке көңілі толуы екіталай. Жеңімпаздар құрамынан бірден төрт ойыншы дубль жасады.
«Сарыарқа» - «Ертіс» 8:1 (3:0, 2:0, 3:1)
1:0 – 15:16 – Безруков (Ибрайбеков)
2:0 – 19:02 – Безруков (Рахманов)
3:0 – 19:50 – Кулиев (Ибрайбеков, Рахманов)
4:0 – 24:53 – Голоднюк (Молодцов)
5:0 – 34:53 – Рахманов (Аноховский) ГБ
6:0 – 40:18 – Голоднюк
7:0 – 40:50 – Рахманов ГБ
7:1 – 49:55 – Карпов (Шкленник) ГБ
8:1 – 56:58 – Кулиев
Қақпашылар: Еремеев – Штукерт
«Арлан» «Алтай Торпедомен» матчта таза жеңіске жетті. Көкшетаулыөтар бесінші минутта-ақ есеп ашты және осы шайба ойынның ары қарайғы барысын анықтады. «Көкшеліктердің» қақпашысы Илья Румянцев өз қақпасына шайба жуытпады.
«Арлан» - «Алтай Торпедо» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)
1:0 – 04:34 – Карабань
2:0 – 59:53 – Евдокимов ПВ
Қақпашылар: Румянцев – Полошков
«Номад» ойынды жақсы бастады және есеп бойынша алға шықты. Алайда әрі қарай «Горняк» бақылауды өз қолына алып, бір шайба қайтарды. Кездесудің соңғы минуттары «көшпенділер» үшін тартысты өтті. Дегенмен, Александр Высоцкийдің үжымы беріспей, екі балл жинады.
«Номад» - «Горняк» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)
1:0 – 19:38 – Михнин (Гатиятов)
2:0 – 26:51 – Гусейнов (Гатиятов) ГБ
2:1 – 38:29 – Уколов (Юлбарисов, Щанкин)
Қақпашылар: Амирбеков – Акулинин