Маусымға бет алдық. «Құлагер»

9 qyrkúıek
1925

​ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның алдағы маусымының қатысушыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін теріскейлік «Құлагер» хоккей клубы туралы сөз қозғамақпыз. Петропавлдық ұжым жұмыс жасаған бес жыл ішінде екі рет Қазақстан кубогын жеңіп алды, екі мәрте ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Өткен маусым

Өткен маусымның тұрақты чемпионаты «Құлагер» үшін өз тарихындағы ең нашар кезең болды. Иә, команда плеф-офф қатысушыларының құрамына сенімді түрде кірді, алайда негізгі уақытта петропавлдықтар 60 матчтың 25-ін ғана жеңді. Осы көрсеткіш солтүстік-қазақстандықтарға алтыншы қатардан жоғарырақ көтерілуге мүмкіндік бермеді. Плей-офф та аса сәтті басталмады. Алайда «Алматы» сериясындағы үш бастапқы матчта жеңілді. Алайда петропавлдық ұжым ішкі резервтерін жұмылдырып, өзіне тән мінез көрсетіп, тартысқа оралды. Бұл қызықты тартысты пандемия серияда 3-2 есебімен тоқтатты, жеңісті алматылық команда қанжығасына байлады. Александр Троицкий алдағы маусымда «Құлагерге» жетекшілік етуін жалғастырады

Бас бапкер 

Команданың бас жаттықтырушысы болып ресейлік маман Александр Троицкий қалды. Ол клуб жүйесінде 2018 жылдан бері жұмыс жасап келеді, 2018-19 жылғы маусымда маман «Құлагерді» қола жүлдеге жетелеушілердің бірі болды. Петропавлдықтардың бас бапкері ретінде Троицкий өткен жылдың желтоқсанынан бастап қызмет етуде.

Ауысулар 

Маусымдар арасындағы кезеңде «Құлагердің» бапкерлер құрамы мен басшылығы жақсы жұмыс атқарды. Барлық көшбасшылар (нәтижелілігі де, тиімділігі де бойынша) келісімшарттарды ұзартты. Петропавлдық жанкүйерлерді бұрынғыша Денис Стасюк, Станислав Логинов, Максим Первухин мен Дмитрий Исмагилов қуантатын болады. Қақпашылар қатары да салмақты: Андрей Янков – Дмитрий Хозяшев. Дмитрий Исмагилов пен Денис Стасюк петропавлдық жұртшылықпен қайта қауышады Команда қорғанысы тәжірибесі мол, сенімді Роман Смирновпен және Михаил Шерстюкпен нығая түсті. Әдеттегідей түйткілді орталық шепті Булат Хамматов толықтырды. Клубтан Данияр Хасенов, Марк Вакуленко, Алексей Данилов пен Егор Кудин кетті. «Құлагердің» теңдессіз капитаныИльгиз Нуриев бұрынғыша құрамда

Көшбасшы 

Командада көшбасшылар Ильгиз Нуриев пен Денис Стасюктің тандемін ерекше атап өтуге болады. Нуриев ұпай жинаудан аса өнімді емес шығар. Алайда көп жылдан бері келе жатқан капитан (тарихтағы жалғыз) алаң сыртында өзінің нағыз көшбасшы екенін және команда үшін бәріне дайын екенін дәлелдеді. Стасюк соңғы үш маусымның екеуінде команданың үздік бомбардирі атанды. Бір өзіне жететін мінезі мен табандылығы бар. Ең қиын сәттерде команданы ізінен ерте білетініне еш күмән жоқ. Не күтеміз «Құлагер» құрамында тәжірибелі ойыншылар айтарлықтай көп. Ал жастар келісімен енді петропавлдықтар матчтарға салмағы тең түсетін үш бестікті шығара алады. Ал жекелеген матчтардың тағдырын бұл бестіктердің кез келгені шешуі мүмкін. Оңтайлы жағдай туғызса, теріскейліктер көптеген нәтижеге жете алады. Плей-оффқа шығу – бұл команда үшін ең төменгі меже.