Петросян Pro Hokei Ligasy регламенті бойынша жазаланды

17 tamyz
2990

Қазақстан хоккей федерациясы «Торпедо» ХК ойыншысы Стас Петросянды Pro Hokei Ligasy регламентіне сәйкес тәртіптік айыппұлмен жазалау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ спортшыға ақшалай айыппұл салынады. Осылайша, хоккейші алдағы Parimatch-Qazaqstan Kubogy 2021-2022 турнирінің бір матчын өткізіп алады.

Еске сала кетейік, 15 тамыз Қазақстан Республикасы Президенті Кубогінде Стас Петросян мен «Куньлунь Ред Стар» ойыншысы Ян Ху арасында кикілжің орын алып, Петросян қарсыластың намысына тиетін қылық көрсеткен. Кейін хоккейші өз қылығы үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, ал клуб басшылығы Стас Петросянға спортшыға тән емес әрекеті үшін айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

«Біз мұндай жайтқа алғаш рет тап болып отырмыз, бұл оқиғадан барлық хоккейшілер сабақ алып, өзара сыйластық сақтауға тырысады деп үміттенеміз», - деді ҚХФ атқарушы директоры Андрей Сачук.