Қазақстан чемпионаты матчтарының күнтізбесі

16 tamyz
3196

Назарларыңызға 2021-2022 жылғы маусымдағы Pro Ligasy чемпионаты матчтарының күнтізбесін ұсынамыз.

Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының медальдары үшін 13 ұжым тартысады.

Тұрақты чемпионат 5 қыркүйек басталады. Қарағандыдағы ашылу матчында өткен маусымның финалистері «Сарыарқа» мен «Арлан» ойнайды.

Желтоқсан айындағы матчтар кестесі құрама командалардың халықаралық аренадағы ойындарға қатысатыны ескеріле отырып құрылды. 11 және 21 желтоқсан аралығында Швейцарияда Дүниежүзілік Студенттік ойындар өтеді. 12 және 18 желтоқсан аралығында Даниядағы әлем чемпионатында (1-дивизион, А тобы) Қазақстанның жастар құрамасы өнер көрсетеді.

Ақпан айында чемпионатта шағын үзіліс болады деп жоспарланып отыр. 7 және 13 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда «KazakhstanHockeyOpen» халықаралық турнирі өтеді.

Тұрақты чемпионаттың қорытынды матчтары 21 ақпан бес қалада өтеді. Әрі қарай медаль үшін сегіз үздік ұжым күресті жалғастырады.

Плей-оффтың алғашқы матчтары 26 ақпанға жоспарланып отыр. Жартылай финалдың алғашқы кездесулері 16 наурызда өтпек. Финалдық серия 3 сәуір басталады. Қажет болған жағдайда финалдың жетінші кездесуі 17 сәуірде өтеді.

Қазақстан чемпионатының толық күнтізбесімен осы жерден танысуға болады.