Торпедо ҚРПК-да төртінші орын алды

15 tamyz
1164

Қазақстан Республикасы Президенті Кубогінің үшінші орны үшін матчта «Куньлунь» «Торпедоны» 2:1 есебімен ұтты.

Жеңімпаздар құрамынан Райан Спроул, Кори Кейн шайба салды. «Торпедодан» көпшілік құрамда Егор Мажуга көзге түсті.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Президенті Кубогінің қорытындысы бойынша өскемендік ұжым төртінші орын алды. «Торпедо» құрамынан үздік ойыншылар қақпашы Андрей Янков, қорғаушы Алексей Дерзаев пен шабуылшы Максим Худяков болды.

«Куньлунь» – «Торпедо» 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 – 17:22 – Спроул (Рич, Николлс)

2:0 – 29:55 – Кейн (Николлс, Бартли)

2:1 – 57:19 – Мажуга (Гурин) ГБ +2

Қақпашылар: Смит – Янков