Сарыарқа ҚРПК алғашқы финалисті атанды

14 tamyz
1056

Қазақстан Республикасы Президенті Кубогінің матчында «Сарыарқа» «Куньлуньға» 0:2 есебімен жол берді.

Қазақстан Республикасы Президенті Кубогінің матчында «Сарыарқа» «Куньлуньға» 0:2 есебімен жол берді. Жеңілісіне қарамастан, қарағандылық ұжым турнирдің финалдық кезеңінде ойнайды. «Сарыарқаның» қарсыласы кешкі «Барыс» - «Торпедо» кездесуінен кейін анықталады.

Еске салайық, турнир бойы Леонид Тамбиевтің ойыншылары «Барысты» (4:3) және «Торпедоны» (2:1) жеңді.

«Куньлунь» – «Сарыарқа» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 22:56 – Фу С. (Локхарт, Николлс) ГБ

2:0 – 48:15 – Фу П. (Фу С., Челиос)

Қақпашылар: Смит – Еремеев