«Сарыарқаның» алғашқы жеңісі, «Торпедо» жеңістер легін жалғастырды. 28 қазандағы матчтарға шолу

28 qazan
1581

«Құлагер» «Горнякты» әбден састырды. Жас командалар арасында тәжірибесі молдау «Теміртау» жеңімпаз атанды. Чемпионатқа кіріскен «Сарыарқа» Өскеменде жеңіске жетті. «Торпедо» әлі де жеңіліс көрмей келеді, «Бейбарыс» өскемендіктермен екі матчтық кездесудің қорытындысы бойынша небәрі бір ұпай жинады. «Алматы» мен «Арлан» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтай алды. «Номад» тағы да «Ақтөбені» тізе бүктіріп, қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді.

«Құлагер» Рудныйда «Горняктан» қарымта қайтарып, бірінші кезеңде жойқын нәтиже көрсетті. Петропавлдық ұжым он ұпай жинап, турнир кестесінің үшінші қатарына жайғасты. Денис Стасюк (2+2) пен Дмитрий Исмагилов (1+3) 4 ұпайдан жинады.

"Горняк" – "Құлагер" 2:7 (0:3, 1:2, 1:2)

0:1 – 06:00 – Хамматов (Гатин) ГБ

0:2 – 09:44 – Грищенко (Стасюк, Исмагилов)

0:3 – 14:01 – Попитич (Первухин, Логинов)

1:3 – 21:30 – Москалев (Лобанов) ГБ

1:4 – 26:21 – Нуриев (Хамматов, Шерстюков) ГБ

1:5 – 35:33 – Стасюк (Исмагилов) ГБ

2:5 – 51:19 – Муравьёв (Штефан, Лобанов)

2:6 – 55:54 – Стасюк (Исмагилов, Ахметов)

2:7 – 58:12 – Исмагилов (Смирнов, Стасюк)

Қақпашылар: Акулинин – Хозяшев

Роман Козловтың ойыншылары жылдам екі шайба салып, тартыстың бастапқы минуттарында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кездесудің ары қарайғы барысын да осы соққылар анықтады. Соңғы минуттарда алаң иелері тартысты үдетті, алайда «Теміртау» мүмкіндікті жібермей, үшінші рет қатарынан жеңіске жетті.

"Снежные Барсы" – "Теміртау" 1:3 (0:2, 0:0, 1:1)

0:1 – 03:16 – Потапов (Лазарев, Белоцкий)

0:2 – 05:43 – Лызин (Гусейнов, Чайка) ГБ

1:2 – 56:51 – Омирбеков (Бутенко, Гусейнов) ГБ

1:3 – 59:34 – Лызин (Гусейнов, Чайка)

Қақпашылар: Павленко – Еремеев

"Сарыарқа" бүгін биылғы чемпионаттағы алғашқы матчын өткізді. Александр Соколовтың командасы бірінші және екінші кезеңде бір-бір нәтижелі шабуылдан ұйымдастырды және өз қақпасына шайба өткізбеді. Маусымдағы алғашқы «құрғақ» ойын Никита Бояркиннің есебіне жазылды.

"Алтай-Торпедо" – "Сарыарқа" 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)

0:1 – 09:48 – Сиксна (Жайлауов, Зиазов)

0:2 – 22:56 – Зиазов (Мисюль, Анохин)

Қақпашылар: Нурек В. – Бояркин

"Торпедо" өзінің жеңісті жорығын жалғастырып келеді. Бүгін «Бейбарыс» Олег Болякиннің командасының ұпайын кеміте алмады. Өскемендіктер 18 ұпайдың 17-ісін жинап үлгерді.

"Бейбарыс" – "Торпедо" 1:4 (1:3, 0:1, 0:0)

0:1 – 03:09 – Левицкий (Сироткин, Юксеев)

0:2 – 06:20 – Шин (Лихотников, Титов) ГБ

1:2 – 10:24 – Серёгин (Петров, Ананичев Ал.)

1:3 – 17:24 – Виноградов (Титов, Шин) ГБ

1:4 – 23:44 – Угольников (Гурин)

Қақпашылар: Севидов – Сидоров

Соққылар:

Айып:

Алматылықтар өз алаңындағы «Арланмен» ойында биылғы чемпионаттағы алғашқы ұпайларын алды. Алайда Павел Думаның ұжымы жеңіске жете алмады. «Арлан» буллиттер сериясында дөп түсті. Жеңіс сыйлаған шайбаны команданың жаңа ойыншысы Роман Бердников салды.

"Алматы" – "Арлан" 2:3 Б (0:1, 2:1, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - Бердников В. - 00:25

1:1 - Ефимов (Кудрявцев, Буяльский) - 32:50 ГБ

1:2 - Ермолаев (Евграфов, Куликов) - 33:03

2:2 - Спиридонов (Бутузов) - 33:31

2:3 - Бердников Р. - 65:00 Б

Қақпашылар: Полуэктов - Демидов (Зыкин, 65:00)

Соққылар:

Айыппұл:

Елордалық «Номад» «Ақтөбені» жеңу үшін біраз тер төкті. Соңғы бес матчта жеңіске жеткен Александр Высоцкийдің командасы енді Атырауға аттанады.

"Ақтөбе" – "Номад" 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

0:1 - 01:46 - Гатиятов (Комаровский, Данияр) ГБ

1:1 - 51:03 - Жилин (Митряков, Филонов)

1:2 - 51:35 - Некряч (Клепко, Яковлев)

Қақпашылар: Мальгин – Крамарь