Сарыарқа мен Торпедо «ҚР Президентінің кубогы» турниріне қатысады

9 tamyz
1665

Бүгін елордада өтетін хоккейден халықаралық турнирге Pro Ligasy-ның екі өкілі – елдің қазіргі чемпионы «Сарыарқа» мен қола жүлдегер «Торпедо» қатысатыны белгілі болды.

ҚР Президентінің кубогы 11 және 15 тамыз аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді. «Сарыарқа» мен «Торпедодан» басқа бас жүлде үшін күреске Құрлықтық хоккей лигасының командалары «Барыс» пен «Куньлунь» түседі. Алдын ала кезеңде командалар бір айналым ойнайды. Әрі қарай топтық турнирдің қорытындысы бойынша бірінші және екінші орындар алған екі ұжым финалдық кездесуге шығады. Сонымен қатар үшінші орын үшін кездесу өтеді.

Айта кететін жайт, алдағы ҚРПК матчтары көрерменсіз өтеді.

Ойындар күнтізбесі

11 тамыз (сәрсенбі)

15:00 «Торпедо» - «Куньлунь Ред Стар»

19:30 «Барыс» - «Сарыарқа»

12 тамыз (бейсенбі)

15:00 «Сарыарқа» - «Торпедо»

19:30 «Куньлунь Ред Стар» - «Барыс»

13 тамыз (жұма)

ДЕМАЛЫС

14 тамыз (сенбі)

12:00 «Куньлунь Ред Стар» - «Сарыарқа»

17:00 «Барыс» - «Торпедо»

15 тамыз (жексенбі)

12:00 Үшінші орын үшін ойын

17:00 Финал