Алматыдағы тоғыз шайба мен Рудныйдағы жойқын соққылар

9 tamyz
1959

Назарларыңызға жаңа маусым басталар алдында Pro Ligasy командаларының қатысуымен өтетін жаттығу матчтарының кестесі мен нәтижесін ұсынамыз.

«Алматы» мен «Бейбарыс» оңтүстік астанада бақылау матчтарын өткізді. Бірінші ойында алаң иелері басым түсті. Жеңісті шайбаны «Алматының» жаңа ойыншысы Александр Чиглинцев салды. Екінші кездесуде Артём Аргоковтың командасы жеңіске жетті. Бір қызығы, соңғы кезеңде «Бейбарыс» жеңіліп бара жатты. Алайда үшінші кезеңде атыраулықтар төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды.

Рудныйда «Горняк» пен «Құлагер» кездесті. Алдымен петропавлдық хоккейшілер жеңімпаз атанды. Ал екінші ойында рудныйлықтар қарсыласқа қарсы жойқын соққылар жасап, «Құлагердің» қақпасына жауапсыз сегіз шайба аттандырды.

6 тамыз «Алматы» - «Бейбарыс» 2:1 (2:0, 0:0, 0:1)

7 тамыз «Алматы» - «Бейбарыс» 3:6 (2:2, 1:0, 0:4)

7 тамыз «Горняк» - «Құлагер» 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)

8 тамыз «Горняк» - «Құлагер» 8:0 (3:0, 4:0, 1:0)

9, 10 тамыз«Сарыарқа» - «Торпедо»Қарағандыда

10, 11 тамыз «Теміртау» - «Номад» Қарағандыда

11, 12 тамыз «Құлагер» - «Арлан» Петропавлда

14 тамыз «Алматы» - «Торпедо» Алматыда

Айта кететін жайт, барлық ойындар көрерменнің қатысуынсыз жаттығу режимінде өтеді.

Әрі қарай ақпаратты жаңа мәліметтер пайда болу ретіне қарай жаңартып отырамыз.