«Горняктың» алғашқы жеңісі, «Торпеда» жеңістер легін жалғастырды. 27 қазандағы матчтарға шолу

27 qazan
1403

"Горняк" чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Торпедо» алғаш рет ұпай жоғалтты, әйтсе де жеңістер сериясын бес матчқа дейін ұзартты. «Номад» Алексей Коршков командасының алғашқы үйдегі ойынында «Ақтөбенің» мысын басты.

Ойын күнін «Горняк» пен «Құлагер» бастады. Рудныйлықтар бұл тартыста жеңісті көздеді және Сергей Невструевтің командасы чемпионатта жинаған балдарымен есеп ашты. Жеңісті шайбаның авторы – Владислав Власов.

"Горняк" – "Құлагер" 3:2 (0:1, 2:0, 1:1)

0:1 – 10:22 – Нуриев (Хамматов, Гатин)

1:1 – 25:23 – Кротов (Куршук, Юлбарисов) ГБ

2:1 – 33:24 – Щанкин (Юлбарисов, Коптяев)

2:2 – 47:12 – Стасюк (Ахметов, Шерстюков) ГБ

3:2 – 51:37 – Власов (Градусов, Бархаткин)

Қақпашылар: Нечвиенко – Хозяшев

Соққылар: 40 – 32

Айып: 10 – 16

«Бейбарыс» пен «Торпедоның» айқасында командаларға жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жетпей қалды. Овертаймда өскемендіктерге қатарынан бесінші жеңісті Кирилл Савицкийдің дөп салған шайбасы сыйлады. Олег Болякиннің командасы чемпионатта алғаш рет ұпай жоғалтты, дегенмен әлі де көшті бастап тұр.

"Бейбарыс" – "Торпедо" 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 01:22 – Шин (Титов, Лихотников) ГБ

1:1 – 25:58 – Ананичев Ар. (Григоркевич)

1:2 – 60:29 – Савицкий (Юксеев)

Қақпашылар: Севидов – Сидоров

Соққылар: 27 – 32

Айып: 6 – 10

"Ақтөбе" мен "Номад" негізгі ойын уақытының шеңберінен шықты. Кездесудің қаһарманы «Номадқа» төртінші рет қатарынан жеңіс әкелген лиганың үздік бомбардирі Захар Пархоменко болды.

"Ақтөбе" – "Номад" 2:3 ОТ (1:2, 0:0, 1:0, 0:1)

1:0 – 07:45 – Филонов (Жилин, Митряков) ГБ

1:1 – 08:11 – Яковлев (Некряч, Клепко)

1:2 – 08:29 – Гатиятов (Данияр Сн., Мухаметов)

2:2 – 40:35 – Митряков (Филонов, Жилин)

2:3 – 62:43 – Пархоменко (Полохов, Зубов)

Қақпашылар: Мальгин – Крамарь

Соққылар: 45 – 45