Аптаның оқиғалары

27 shilde
2212

Қазақстандық жанкүйерлерді Pro Ligasy-ның ең қызықты оқиғаларымен таныстыруды жалғастырамыз.

Талғат Жайлауов – «Сарыарқаның» жаңа директоры

Қазақстандық хоккейдің беткеұстары ойыншы ретіндегі мансабын жақында ғана аяқтап, өзін жаңа қызметте сынап-көрмекке бел буды. Бұл жолда ол Павел Житковты алмастырды. Жайлауов өз жұмысын атқаруға кірісіп үлгерді, жаңа маусымға құрам жасақтауға белсене атсалысуда.

Андрей Буяльский ҰХЛ-дың «Колорадо Эвеланш» клубына шақырту алды

Қарағандылық хоккей мектебінің өкілі соңғы 17 жылда Ұлттық хоккей лигасының драфтына таңдалған алғашқы қазақстандық атанды. «Теміртау» мен «Алматының» экс-ойыншысы «Дубьюк» үшін ойыннан кейін мансабын NCAA-дегі Вермонт университетінің командасында жалғастырады.

«Алматы» ресми түрде бас бапкерін жариялады

Оңтүстік астаналық команданы жаңа маусымға өткен жылы «Алматы» бапкерлер штабында жұмыс жасап үлгерген Евгений Штайгер бастайды. Ойыншы ретінде ол түрлі ресейлік және қазақстандық клубтар үшін ойнап үлгерді. Бапкер ретінде Евгений Викторович сонымен қатар «Кузнецкие Медведи» ЖХЛ командасында ойнады.

«Арлан» мен «Сарыарқа» туған күндерін атап өтті

Өткен аптада туған күндерін соңғы Қазақстан чемпионатының финалистері атап өтті. Көкшетаулық клубтың құрылғанына 12 жыл болды, ал «Сарыарқа» 15 жылдық мерейтойына жетті.