Жастар командалары арасындағы ҚР кубогы Нұр-Сұлтан мен Көкшетауда өтеді

21 shilde

Jastar Ligasy Қазақстан кубогының өтетін күні мен орны анықталды.

Жарыстар 27 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Көкшетау («Бурабай» СС) мен Нұр-Сұлтанда («Қазақстан» СС жанындағы «Барыс» СК) өтеді. Турнирдің финалдық бөлігі елордада өтпекші.

Барлық қатысушылар өткен маусымдағы рейтингке сай екі топқа бөлінген. Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша жартылай финал үшін күресті әрбір топтың үздік екі командасы жалғастырады. Бұл жұптардың жеңімпаздары жекпе-жекке шығып, Кубок үшін таласады.

Турнир кестесі жақын уақытта назарларыңызға ұсынылады.

А тобы (Нұр-Сұлтан)

(1)«Barys»

(4)«Barys-Jas»

(5) «Astana»

(8) «Munaishy»

(9) «Qulager»

(12) «Aqtobe»

В тобы (Көкшетау)

(2) «Torpedo»

(3) «Yastreby»

(6) «AH Arlan»

(7) «Qyran»

(10) «Gornyak»

(11) «Almaty»