БАҚ-ты маусымға аккредиттеу басталды

14 shilde
1410

Қазақстан хоккей федерациясы 2021/2022 жылғы маусымға БАҚ өкілдерін аккредиттеу басталғаны туралы жариялайды.

Аккредитация сіздерге қазақстандық хоккей лигаларының, оның ішінде тамызда Алматыда өтетін Қазақстан Кубогы матчтары туралы хабар тарату үшін елдің мұз айдындарына кіруге мүмкіндік береді.

Аккредиттеу үшін сіздерге press@icehockey.kz поштасына өтінім жіберу қажет.

1) Т.А.Ә.

2) Байланыс нөмірі

3) Email

4) Қала

5) БАҚ атауы

6) БАҚ жөнінде қысқаша ақпарат

7) Редакциялық куәлік немесе БАҚ-тан ресми хат

Өтінім қабылдаудың аяқталу мерзімі – 13 тамыз.

Әрі қарай өтінімдер қабылданып, сіздің кандидатураңыз түбегейлі бекітілуі үшін клубтарға жіберіледі.