Аптаның оқиғалары

8 shilde
1462

Pro Ligasy-да маусымалды дайындық қызған шақ. Кейбір клубтар демалыстан шығып үлгерсе, басқалары демалысты енді аяқтауға таяды. Өткен аптада Қазақстан чемпионаты клубтарының өмірінде орын алған ең қызықты жайттарды еске алайық.

«Бейбарыс» логотипін ауыстырды

Жаңа логотип атыраулықтар үшін дәстүрлі түстерде: қара фондағы жасыл және ақ түсте жасалды. Ортаңғы бөлігінде ұлы даланың колоритін бейнелейтін, шығыс стиліндегі латынша «В» әрпі орналасқан. Оның өзегін аталмыш спорт түріне қатыстылығын білдіретін хоккей таяғы жарып өтеді.

«Теміртау» жаңа бапкерінің есімін атады

Қарағандылық хоккей мектебінің өкілі, ұзақ уақыт бойы елордалық «Барыс» жүйесінде жұмыс жасаған Георгий Верещагин команданың тәлімгері атанды. Сондай-ақ Георгий Верещагиннің елдің жастар және студент құрамаларымен халықаралық деңгейде тәжірибесі мол.

«Сарыарқа» Құрлықтық кубоктың үшінші раундындағы қарсыласы кім екенін білді

Жарыстардың финалдық бөлігіне шығу үшін қарағандылықтар словакиялық «Попрадоммен» және польшалық «Краковиямен», сонымен қатар іріктеу раундтарынан осы кезеңге жететін командамен тартысады. «Сарыарқа» қатысатын турнир 19 және 21 қараша аралығында польшалық Краковта өтеді.

«Торпедо», «Құлагер» мен «Алтай Торпедо» маусымалды дайындыққа кірісті

Бұл командалар демалыстан елден ерте оралып, медициналық тексеруден өтті және жаттығуларды бастап кетті. Петропавлдықтар өз қалаларындағы арена қабырғасында жаттығады, өскемендіктер әдеттегідей алғашқы жиындар топтамасын Сибиныда өткізеді.