Сарыарқаның Құрлықтық кубоктегі қарсыластары анықталды

30 maýsym
1138

Бұл турнир 2021 жылдың қыркүйегінде басталады. Өткен маусымда пандемияға байланысты аталмыш жарыстар өткізілген жоқ.

Қазақстан чемпионы ретінде кезекті Құрлықтық кубокке «Сарыарқа» қатысады. Қарағандылықтар тартысқа польшалық Краковта 19 және 21 қараша аралығында өтетін үшінші раундтан бастап қосылады. «Краковиядағы» турнир иелерінен басқа, Леонид Тамбиевтің ойыншылары словакиялық «Попрадпен», сондай-ақ алдыңғы раундты жеңетін командамен ойнайды.

Турнирдің финалдық бөлігі 2022 жылдың 7 және 9 қаңтары аралығына жоспарланған.