Pro Ligasy клубтары демалыстан шығуға дайындалып, өздерінің алдын ала құрамдарын жасақтауды аяқтауда. Назарларыңызға өткен кезеңнің ең қызықты трансферлік жаңалықтарын ұсынамыз.
Бояркин мен Шутов «Барысқа» өтті
Өз қатарының болашағы зор екі ойыншысы әлем чемпионатындағы ойынымен өздерін елдің басты командасында көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл ауыс-түйістер БАҚ-та қызу талқыланды. Сондықтан біз қысқа қайырамыз – Никита мен Андрей екіжақты келісімдерге қол қойды және финдық голкипер Йони Ортиомен бәсекелесе алу үшін еңбектенуді тоқтатпаулары тиіс.
«Сарыарқа» орталық шепті нығайтты
Қарағандылық ұжымда бірнеше қызықты ауыс-түйістер болды. «Сарыарқа» орталық шабуылшылар Андрей Яковлев пен Саян Даниярмен келісімшарт жасасты. Сондай-ақ «қырандардың» қатарын ҚХЛ-да ойнаған қорғаушы Никита Клещенко мен болашағы зор қақпашы Денис Каратаев толықтырды. Денис енді «Теміртаудан» өткен Демид Еремеевпен бірге ойнайды.
«Торпедо» Лихотниковті сақтап қалды
Жақында ғана Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында әлем чемпионатында өнер көрсеткен өскемендіктердің капитаны біржылдық келісімшарт жасасты. Өткен маусым Артём үшін нәтижелілік тұрғысынан мансабындағы үздік кезең болды және мықты шабуылшының әрі қарай жетіп, өз командасына өз пайдасын тигізетініне күмән жоқ.
Сондай-ақ өткен аптада торпедолықтар шабуылшылар Диас Тютюньковпен және Стас Петросянмен келісімшарттар жасасатынын жариялады.
Лакиза мен Гребенщиков «Арланда» қалады
Көкшетаулық ұжым мұз бетінде түрлі функцияларды атқара алатын тәжірибелі қорғаныс ойыншылары өз құрамында сақтап қалды. «Арланның» қорғаныс шебін соңғы үш маусымда ЖХЛ-да ойнаған Алексей Рябоконов пен Челябинскіде хоккей бойынша білім алған Рудныйдың тумасы Дмитрий Чупин толықтырды.
Гурьев Павлодардан кетіп, Атырауға ауысты
Тәжірибелі шабуылшы Қазақстан чемпионатына бейімделіп үлгерді және маусым бойы кемінде 30 балл жинауға қабілетті. Өз ойыны мен тегінің арқасында Денис алдағы маусымда атыраулық жанкүйерлердің сүйікті ойыншыларының біріне айналуы мүмкін. «Бейбарыстың» тағы бір жаңа ойыншысы – қорғаушы Владимир Белоглазов.