PARIMATCH-QAZAQSTAN KYBOGY 2021-22 Алматыда өтеді

21 maýsym
1338

Кезекті Қазақстан кубогы өтетін күн мен орны анықталды.

Алдағы Қазақстан Кубогы оңтүстік астанада 2021 жылдың 17 және 25 тамызы аралығында өтеді. Турнир аясындағы матчтарды «Алматы-Арена» қабылдайды.

Барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әрі қарай алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша жартылай финалдық күресті әрбір топтан екі командадан жалғастырады. Осы жұптардың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Кубогы үшін таласады.

Кубоктың түбегейлі құрылымы мен кестесі қатысушылар тізімі бекітілгеннен кейін ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, PARIMATCH-QAZAQSTAN KYBOGY-ның қазіргі иесі – қарағандылық «Сарыарқа».