Pro Ligasy екі ұпайлық жүйеге көшеді

19 maýsym
1558

2021-22 жылғы маусымнан бастап, Pro Ligasy командалары қатысуымен өтетін тұрақты чемпионат ойындарында (Қазақстан кубогы және ҚР чемпионаты) балл есептеу екі ұпайлық жүйе бойынша өтеді.

Бұған дейін негізгі уақыттағы жеңіс үшін командаға 3 ұпай, ал овертаймдағы немесе матчтан кейінгі соққылар сериясындағы жеңіс үшін 2 ұпай, овертаймда немесе матчтан кейінгі соққылар сериясындағы жеңіліс үшін 1 балл берілетін. Негізгі уақыттағы жеңіліс үшін балл берілмей келді.

Енді кез келген жеңіс үшін (негізгі уақытта, овертаймда немесе буллиттер бойынша) командаға 2 ұпай беріледі.

- Бұл жүйе дүниежүзінің түрлі жетекші лигаларында пайдаланылады, - дейді Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Андрей Сачук. – Бірінші кезекте, бұл командалар арасындағы бәсекенің артуына, сонымен қатар нәтижелердің теңелуі мен тұрақты чемпионат аясында қосымша тартыс туғызуға ықпал етеді. Әзірге біз бұл жүйені ересек командаларға қолданып көреміз. Әрі қарай басқа да қазақстандық лигалардың көшуі туралы мәселе көтереміз.