Трансферлік жаңалықтар. Торпедо

19 maýsym
1559

Өскемендіктер өткен маусымда Pro Ligasy-ның тек қола жүлдесін алды, елдің ең атақты клубтарының бірінің ең үлкен арманы бұл емес екені анық. Сол себепті маусым айында-ақ «Торпедо» жаңа ойыншыларының тізімін жария етті.

Кеткендер: Владимир Ершов (қор.), Дмитрий Стулов (қор.), Андрей Виноградов (қор.), Никита Сироткин (шаб.), Денис Игнашин (шаб.), Никита Титов (шаб.), Игорь Левицкий (шаб.).

Қалғандар: Андрей Шутов (қақ.), Сергей Кузнецов (қор.), Александр Юксеев (қор.), Тигран Кизекпаев (қор.), Иван Кучин (шаб.), Валерий Гурин (шаб.), Дмитрий Гренц (шаб.), Эрик Алдабергенов (шаб.), Степан Рифель (шаб.).

Келгендер: Дмитрий Громов (қор.), Арсений Борисов (қор.), Егор Мажуга (қор.), Андрей Щербов (қор.), Нұрсұлтан Белгібаев (шаб.), Денис Стасюк (шаб.).

Әзірге қорғаныс шебін нығайтуға күш салынуда. Өткен маусымда бірігіп, 50 ұпайдан астам жинаған Стулов пен Виноградовтың кеткені рас. Есесіне құрамға Громов оралды, шабуылды күшейтетін Кузнецов пен Юксеевпен келісімшарт ұзартылды. Мажуга мен Щербов тікелей қорғаушылық міндеттерін атқаратын болады.

Шутовпен келісімшарттың ұзартылуын маңызды жайт деп санауға болады, алайда түрлі басылымдардың ақпаратына сенсек, Андрейді елордалық «Барыс» нысанаға алған. Әйтсе де, дәл қазір қақпашы «Торпедоның» ойыншысы болып табылады және өзі үшін табысты болмақ келесі мусымға дайындалу үстінде.

Шабуыл шебінде команда Сироткин мен Левицкийден айрылды, алайда қабілетті Кучинді, Гренц пен Гуринді сақтап қала алды. Оларға соңғы жылдары нәтижелілік тұрғысынан да, алаңнан тыс та «Құлагердің» нағыз көшбасшысы болған, өскемендік жанкүйерлерге жақсы таныс Стасюк қосылады. Шабуылда Белгібаевтың жылдамдық қосары анық.

Жергілікті шәкірттердің құрамда қалғанын бөлек атап өткен жөн. Кизекпаев, Алдабергенов пен Рифель туып-өскен клубтарында дамуды жалғастырады және елдің ересектер чемпионатында да, Jastar Ligasy-нда да өнер көрсете алады.