Трансферлік жаңалықтар. Сарыарқа

18 maýsym
1201

Қазақстанның қазіргі чемпионы өз жеңісіне масаттанып, тоқмейілсімей, келесі маусымға құрамын жасақтауға жылдам кірісті. Соңғы уақытта қарағандылықтар бірнеше қызық мәмілелер жасасып, бірнеше үздік ойыншыны өз сапында сақтап қалды.

Кеткендер: Дмитрий Михайлов (шаб.).

Қалғандар: Никита Бояркин (қақ.), Евгений Воронков (қор.), Эдгарс Сиксна (қор.), Михаил Рахманов (шаб.), Вадим Зеленков (шаб.).

Келгендер: Демид Еремеев (қақ.), Дмитрий Преснов (шаб.), Данила Ларионов (шаб.), Денис Федоров (шаб.), Владимир Волков (шаб.).

Қазіргі таңда клуб тек бір ойыншының кететінін мәлімдеді, алайда бұл команда үшін елеулі шығын болғалы отыр. Өз мансабын басқа клубта өткен маусымның үздік бомбардирі Дмитрий Михайлов жалғастырады.

Есесіне «Сарыарқа» үшін басқа желідегі екі көшбасшы ойнауын жалғастырады. Ригада өткен әлем чемпионатының ең үлкен жаңалығы болған қақпашы Никита Бояркин, сондай-ақ тәжірибелі Эдгарс Сиксна келісімшарттарын ұзартты. «Қырандардың» жанкүйерлерін чемпиондық командада салмақты рөлге ие болған Михаил Рахманов пен Вадим Зеленков қуантуын жалғастырады.

Жаңа ойыншылардан Владимир Волковтың оралуын және Дмитрий Пресновтың «Номадтан» өтуін атауға болады. Ал екі жас латвиялық форвардтарды тарту туралы сөз қозғау әлі ерте.