Трансферлік жаңалықтар. Бейбарыс

17 maýsym
1333

Трансферлік нарықтағы ең белсенді ойыншылардың бірі атыраулық «Бейбарыс» кезекті рет өз құрамын бір сілкіп алуға бел буды. Жаздың алғашқы екі аптасында атыраулық команда құрамында орын алған ең қызықты өзгерістерді еске аламыз.

Кеткендер: Алексей Иванов (қақ.), Богдан Белоконский (қақ.), Евгений Гевель (қорғ.), Денис Григоркевич (қорғ.), Валерий Васильев (қорғ.), Кирилл Старцев (шаб.), Егор Кожевников (шаб.), Антон Петров (шаб.), Игорь Черкасов (шаб.), Артём Севостьянов (шаб.),

Келгендер: Дмитрий Хозяшев (қақ.), Роман Шефер (қақ.), Альберт Гатин (қорғ.), Егор Артамонов (қорғ.), Сергей Твердохлебов (шаб.), Антон Некряч (шаб.), Никита Титов (шаб.).

Шілдеде-ақ «Бейбарыстың» елеулі жаңарған құрамын көре аламыз. Түбегейлі өзгерістер барлық шепте орын алды. Бірінші нөмірлі ойыншы ретінде әзірге Алексей Ивановты алмастыратын тәжірибелі Дмитрий Хозяшев бар. Жас Роман Шефер лимитші орнын тұйықтап, тәжірибе жинайтын сияқты.

Қорғаныс ойыншыларынан «Бейбарыс» команданың нәтижелілік бойынша үшінші және төртінші қорғаушыларымен қош айтысты. Гевель мен Григоркевичтің орнына Гатин және Артамоновпен келісімшарттарға қол қойылды. Егер буллит салудың шебері Гатиннің әлеуетін әрбір қазақстандық жанкүйер білсе, Артамонов Pro Ligasy-да алғаш рет өнер көрсетеді. ЖХЛ-да ойнау тәжірибесі мол қорғаушының бабына қатысты еш күмән тумауы тиіс.

«Бейбарыстың» басты шығыны ретінде команданың үздік бомбардирі Кирилл Старцевтің кетуін атауға болады. Шабуылшы өткен тұрақты чемпионатта бүкіл лиганың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне кірді. Атыраулық ұжым құрамын жақсы таныс Твердохлебов, Титов пен Некряч толықтырды. Соңғысы тіпті «Бейбарыс» өзінің ең соңғы алтын медальдарын жеңіп жатқанда-ақ құрамда болды. Антон дегенмен «Барыс» жүйесінде өз орнын таппай, ел батысына оралуға бел буды.