Pro Ligasy клубтарының жаңалықтары

5 mamyr
1669

Қазақстан чемпионатының жақында ғана аяқталғанына қарамастан, көптеген клубтар келесі маусымда құрамдарын жасақтауға кірісіп кетті. Біз баспасөз қызметтері ресми түрде жариялаған ең қызықты ауыс-түйістер туралы жаңалықтарды жинап қойдық.

«Сарыарқа» Тамбиевпен келісімшартты екі жылға ұзартты

Сондай-ақ қарағандылық клубта тағы бір латвиялық маман Андрей Банада қалады. Бір қуантарлығы, Тамбиев өткен маусымда «Сарыарқаның» төртінші бас бапкері болды деуге болады. Команданы «алтын» медальға да сүйреген сол болды. Осылайша, өзінің онсыз да көп марапаттарының қатарын толықтырды.

«Торпедо» Болякинмен қоштасты

Өскемендік клуб келісімшартының мерзімі 30 сәуірде аяқталған бас бапкер Олег Болякинмен келісімді ұзартқан жоқ. Оның жетекшілігімен «Торпедо» ел Кубогының финалына дейін жетті, тұрақты чемпионатты жеңді және ProLigasy-дің қола медальдарын иеленді.

«Номад» құрамды тұтастай жасартты

«Көшпенділер» өз құрамында барлық жас ойыншыларды сақтап қалуға тырысады. Біліктілік ұсыныстары он ойыншыға жасалды, оның арасында Саян Данияр мен Андрей Яковлев бар. Сондай-ақ бірқатар ойыншы келісімшартты ұзартуға келісім берді. «Номад» жанкүйерлерін команданың өткен маусымдағы үздік бомбардирі Алексей Зубов та қуантуын жалғастырады. Айтып өтетін жайт, қазіргі таңда елордалық ұжым құрамының көпшілік бөлігін 1999 жылы туылған және олардан да кіші ойыншылар құрайды.

«Снежные Барсы» жиынға жас жігіттерді шақырды

«Барыс» жүйесіндегі «Номадтың» інілері де келесі маусымға құрамды жасақтауға кірісіп кетті. Команда кейбір ойыншылармен келісімшартқа қол қойып үлгерді. Сонымен қатар өзінің БЖСМ-ның түлектерімен сынама келісімшарттар жасасты. Олардың көпшілігі өткен маусымда Қазақстан жастар чемпионатының жеңімпазы атанды. Олардың қатарында JastarLigasy-ның үздік қорғаушысы мен шабуылшысы Кирилл Никитин мен Алдияр Нұрлан да бар.