ҚХФ баспасөз қызметі Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамына кірген Pro Ligasy клубтарының өкілдері туралы жарияланымдар топтамасын тәмамдайды. Бүгін шабуылшылар туралы сөз болмақ.
Саян Данияр («Номад»)
Үміткерлер тізіміндегі ең жас шабуылшы елордалық ұжым көшбасшыларының бірі атанып үлгерді. Саян «Номадтағы» екі маусым ішінде жастар хоккейінен ересектер деңгейіне шығып, айтарлықтай төселген әрі тиімді ойын көрсетіп жүр. Өткен Қазақстан чемпионатында Данияр 47 матчта ойнап, 42 (16+26) балл жинады – бұл командадағы екінші нәтиже. Әйтсе де, «көшпенділер» арасында үздік сұр мерген атанды.
Михаил Рахманов («Сарыарқа»)
Құрамаға жиындар барысында шақырылды. Тәжірибелі форвард ProLigasy плей-оффын айтарлықтай сенімді өткізіп, қарағандылықтардың «алтын» алуына бірден бір үлес қосқан ойыншы болды. Қуантарлығы, Рахманов маусымдағы 62 матчтың барлығына қатысып, 32 (13+19) ұпай жинады. 11 балды плей-оффта жинады, бұл Михаилға кубоктық раундтың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне кіруге мүмкіндік берді.
Дмитрий Гренц («Торпедо»)
Маусым орталық шабуылшы үшін біркелкі өтпеді. Бастапқыда ол «Барыс» пен «Номадта» ойнап үлгерді, кейін кезекті рет өзінің жылы ұясы «Торпедоның» құрамына оралды. Ішкі чемпионатта Гренц 27 матч өткізіп, 24 (12+12) ұпай жинады.
Артём Лихотников («Торпедо»)
Өскемендік команданың жаңа капитаны маусымды жақсы өткізіп, аз ғана матч санымен «торпедолықтардың» үшінші бомбардиріне айналды. Артём – қарсыластан айласын асырып түсіретін және қақпа алдында тартыса білетін салмақшы шабуылшы. Мұндай стиліне қарамастан 33 (10+23) балл жинап үлгерді.
Кирилл Савицкий («Торпедо»)
Нәтижелілік жағынан мансабындағы ең үздік клубтық маусымды өткізіп, өз командасының үздік бомбардирі атанды. Қазақстан чемпионатындағы 52 матч нәтижесінде Кирилл 40 (12+28) ұпай жинады. Ригадағы әлем чемпионаты 26 жастағы шабуылшы үшін алғашқысы болмақ.
Александр Шин («Торпедо»)
Өскемендік хоккейдің аңызы таныстыруды қажет етпейді. Оның ойнау қабілетін барлық қазақстандық хоккей сүйерқауым жақсы біледі. Өткен маусымда Шин кезекті рет өз деңгейін растап, 39 (23+16) балл жинады және Лиганың үздік сұрмергендерінің қатарына кірді. Құрамдағы мұндай ойыншының құрамаға енуі бапкерлер штабын шабуылда құбылмалылықты қолдануға итермелейді, ал 49-ші нөмірдің алаңнан тыс беделі туралы айтпаса да түсінікті.