Құрамаға «Сарыарқа» ойыншылары келіп қосылды

3 mamyr
2564

Хоккейден Қазақстан құрамасы «Барыс» арена алаңында әлем чемпионатына дайындығын жалғастыруда.

Қазақстан чемпионаты аяқталғаннан кейін қарағандылық «Сарыарқадан» Михаил Рахманов пен Александр Писарев келіп қосылды. Оған себеп: бұған дейін шақырылған Александр Борисевич пен Владислав Никулин плей-оффтың финалдық сериясы барысында жарақат алғандықтан, әлем чемпионатында ойнай алмайды.
Джесси Блэкер командаға Ригада қосылады деп күтілуде. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қорғаушысы жеке бағдарлама бойынша дайындалуда.