Қазақстан құрамасы алғашқы жаттығуын өткізді

29 sáýir
1699

​Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы жаттығуын өткізді. Алдағы әлем чемпионатына дайындық аясындағы ОЖЖ ресми түрде басталған күні екіжақты матч өтті. Құрам екі командаға: «көктер» мен «ақтарға» бөлінді. Айтып өтетін жайт, кездесудің алдында ойыншылар өмірден озған спорт жанкүйері Людмила Куфонинаны еске алып, бір минут үнсіздік сақтады.

Бірінші кезең 5:1 есебімен «ақтардың» пайдасына шешілді, екінші кезеңде «көктер» есеп айырмашылығын азайтып, екі шайба салды. Қорытынды есеп 6:3 болып, «ақтар» командасы жеңіске жетті. Бұл кездесуде хет-трикті Никита Михайлис жасады, сондай-ақ жеңімпаздар құрамынан Кертис Волк, Кирилл Савицкий мен Роман Старченко көзге түсті. «Көктер» командасынан Павел Акользин, Дмитрий Гурков пен Егор Петухов шайба салды.
«Көктер»:
Еремеев
Қорғаушылар: Метальников, Степаненко, Шалапов, Орехов, Степанов
Шабуылшылар:
Акользин, Сагадеев, Шевченко, Асетов, Данияр Сн., Шестаков, Гурков, Петухов
«Ақтар»:
Шутов
Қорғаушылар: Маклюков, Диц, Сведберг, Данияр См., Полохов, Бекетаев
Шабуылшылар: Михайлис, Волк, Савицкий, Панюков, Старченко, Шин, Мусоров, Гренц, Лихотников.

Фото: Марат Акимжанов