Pro Ligasy компаниясының өкілдері ұлттық құраманың кеңейтілген құрамында. 2-ші бөлім

26 sáýir
1645

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамына кірген Pro Ligasy клубының қорғаушылары туралы сөз болмақ.

Дмитрий Степанов («Ақтөбе»)

Тәжірибелі ойыншы өзін көптен бері сенімді әрі мығым ойыншы ретінде танытып үлгерді. «Бейбарыста» өткен алты маусымнан кейін Дмитрий басқа батыстық клубқа өтіп, «Ақтөбенің» қорғаныс шебіндегі көшбасшылардың бірі атанды. 2020-21 маусымда Степанов 35 матчты ойнап, 6 рет пас берді. Бұл ретте ол барлығы 6 айып минутын жинап, бұғатталған соққылар (30) бойынша өз командасының көшін бастады.

Айтып өтетін жайт, Дмитрий құрамаға алғаш келіп отырған жоқ. 2016-17 жылғы маусымда ол әлем чемпионатына бірінші дивизионда қатысып көрген.

Әділ Бекетаев («Торпедо»)

«Торпедо» жүйесінде барлық жас деңгейлерінен өтіп, бірінші команда құрамында бекіді. Айтып өтетін жайт, халықаралық деңгейде Бекетаев елдің жасөспірімдер және жастар командаларының намысын қорғады. Ал енді Әділ сенімді ойынының арқасында ересек құраманың бапкерлер штабының көзіне түсті. Биылғы маусымда спортшы 41 матчта ойнап, 10 айып минутын жинап, 6 нәтижелі пас берді.

Иван Степаненко («Бейбарыс»)

Құрама үшін ойнап көрген тәжірибелі ойыншы. Соңғы жылдарда Иван «Бейбарыстың» қорғаныс шебінде. Құрама деңгейінде ол бірінші дивизионда жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаттарының медальдарын жеңіп алды, Универсиадада екінші болды. Ағымдағы маусымда Степаненко 40 ойын өткізіп, 9 (3+6) ұпай жинады.