Сарыарқаның чемпион атануына бір-ақ қадам қалды

24 sáýir
1241

Pro Ligasy финалының бесінші матчында «Сарыарқа» овертаймда «Арланды» жеңіп, бұл серияда алғаш рет алға шықты.

Бірінші кезеңде шайба салынбады. Екінші кезеңде қарсыластар нәтижелі шабуылдармен алмасты. «Арлан» қақпадан Александр Евграфовтың орындауындағы тамаша пас беру мен Никита Жуковтың дөп соққысының арқасында есеп ашты. «Сарыарқа» бұған көпшілік құрам ұйымдастыру арқылы жауап берді – Кирилл Беляев көзге түсті. Ары қарай негізгі уақытта шайба салынбады.

Овертаймда Сергей Голоднюк бөтен аймақтағы қарсыластың қателігін пайдаланып, алаң иелеріне жеңіс әкелді. «Сарыарқа» 3:2 есебімен серияда алға шықты. Алтыншы кездесу 27 сәуір Көкшетауда өтті.

«Сарыарқа» – «Арлан» 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)

Сериядағы есеп: 3-2 (2:3, 1:2, 3:2, 4:3 ОТ, 2:1 ОТ)

0:1 – 36:51 – Жуков (Евграфов)

1:1 – 38:58 – Беляев (Голоднюк, Борисевич) ГБ +2

2:1 – 61:58 – Голоднюк (Борисевич)

Қақпашылар: Бояркин – Румянцев