PRO HOKEI LIGASY жаңалықтары

26 qazan
1837

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның өткен кезеңіндегі ең елеулі оқиғалар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Александр Соколов "Сарыарқаның" бас бапкері болып тағайындалды

63 жастағы маман қарағандылықтардың бапкерлер штабын 2017-18 жылғы маусымда басқарды. Ары қарай самаралық ЦСК ВВС-да жұмыс жасады. Биылғы жазда Соколов «Сарыарқа» жүйесіне «Қыран» жастар командасының бас бапкері ретінде оралды. Енді Александр Юрьевич бірінші команданы басқаратын болады.

"Ақтөбе" алғаш рет «Арланды» жеңді

Бұл 23 қазан Көкшетауда орын алды. Ақтөбеліктер «Арланмен» қақтығыста бұған дейінгі жеңілістер легін үзді. Жеңіс сыйлаған шайбаны Павел Жилин салды. Бұған дейін көкшетаулықтар он кездесуде қатарынан жеңгенін айта кету керек.

Ауысулар

"Арлан" танымал екі ойыншымен келісімшартқа қол қойғаны жөнінде мәлімдеді. «Көкшеліктер» құрамын қорғаушы Дмитрий Мегалинский мен шабуылшы Роман Бердников толықтырды. Қос спортшы Құрлықтық хоккей лигасында барлығы 700 матч өткерді.

«Арланның» сапынан отбасылық жағдайларға байланысты қорғаушы Яков Селезнёв кетті.

"Номад" Қазақстанның өткен жылғы жастар чемпионатының үздік қақпашысы Джелал-ад-Дин Амирбековпен келісімшарт жасасты. Ол ересектер деңгейінде ойнап үлгерді: мұзда 10 минутқа жуық уақыт өткізіп, қақпаға шайба өткізбеді. 

Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ
Бас демеуші – Parimatch компаниясы