Қазақстан құрамасының 2021 жылғы әлем чемпионатына дайындық жоспары белгілі болды

14 sáýir
1663

21 мамыр мен 5 маусым аралығында Латвия астанасы Ригада топ-дивизионда Қазақстан құрамасының қатысуымен хоккейден әлем чемпионаты өтеді.

Ұлттық құраманың алғашқы оқу-жаттығу жиындары Нұр-Сұлтанда басталып, «Барыс-Аренада» өтеді. 15 сәуірден бастап, үміткерлер жеке жоспар бойынша дайындыққа кіріседі. Ресми түрде барлық ойыншылар 29 сәуірде жиналады. Елордадағы жиындар аяқталғаннан кейін команда Ригаға аттанып, онда 13 және 15 мамыр Беларусь құрамасымен екі бақылау матчын ойнайды. Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Қазақстан құрамасы 22 мамыр турнир иелеріне қарсы өткізеді.

Бапкерлер штабы мен кеңейтілген құрам кейінірек жарияланады. Жаңалықтарды ҚХФ ресми ресурстарынан оқи жүріңіздер.