Финал алдында. Сарыарқа – Арлан

14 sáýir
1682

16 сәуір Қарағандыда финалдық серия басталып, оның қорытындысы бойынша ағымдағы маусымдағы хоккейден Қазақстан чемпионы анықталады. Беделді атақ үшін «Сарыарқа» мен көкшетаулық «Арлан» тартысады.

Қарағандылықтар бірінші раундта плей-оффтан «Құлагерді» шығарып тастады. Петропавлдықтар бір матчты овертаймға айналдыра алды, алайда Александр Троицкийдің ойыншылары бір де бір жеңіске жетпеді. Серия аз ғана матчпен аяқталды.

Жартылай финалда Леонид Тамбиевтің командасы елордалық «Номадты» ығыстырды, ол үшін «Сарыарқаға» небәрі төрт матч керек болды. Олардың екеуі овертаймда аяқталды.

«Арлан» «Бейбарыспен» ¼ финал сериясының басында үш матчтың екеуінде жеңіліс тапты. Алайда әрі қарай көкшетаулықтар дегенмен серия барысын өзгерте алды. Бұл ретте Сергей Бердниковтің ойыншылары екі жеңіске овертаймда қол жеткізді.

½ финалда «көкшеліктер» бес матчтың нәтижесінде тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Торпедоны» жеңді. Өскемендіктер гол салатын сәттерде үлкен қиындықтарға тап болды. Ал «Арлан» шабуылда өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, биылғы плей-офф ойындарындағы басты сенсацияны жасады.

«Сарыарқа» Қарағанды (2) – «Арлан» Көкшетау (6)

Плей-оффта салынған шайба: 24 – 27

Плей-оффта өткізілген шайба: 9 – 20

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:1, 1:2 ОТ, 2:1, 4:3

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Эдгарс Сиксна (9 ұпай, 0+9) – Вадим Бердников (9 ұпай, 2+7)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектің үздік бомбардирі: Владислав Никулин (3 балл, 2+1) – Вадим Бердников (4 балл, 1+3)

«Сарыарқа» тұрақты чемпионатта «Арланға» қарсы жекпе-жектерде 12 ұпайдың 10-ын иеленді. Көкшетаулықтар овертаймда бір ғана жеңіске жетті.

Қарағандылықтар қорғаныстағы ойында плей-офф көшбасшылары. Сегіз кездесу бойы «сары-қаралар» барлығы 9 шайба өткізді.

«Арлан» плей-оффтың ең нәтижелі командасы болып отыр. Алайда бұл жерде ұжымның 11 матч ойнағанын ескеру керек.

Вадим Бердников биылғы плей-офф ойындарының үздік бомбардирі болып табылады. Эдгарс Сиксна кубоктық раундтың ең нәтижелі ойыншыларының тізімінде екінші.