Турдың қаһарманы – Максим Павленко

25 qazan
1630

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын бастайды.

Өткен кездесулердің үздік ойыншысы деп «Снежные Барсы» қақпашысы Максим Павленко танылды. 23 қазан күні ол ересектер деңгейінде алғаш рет «Ертіске» қарсы матчта ойнады. Өзінің алғашқы кездесуінде-ақ Максим 51 соққыға тойтарыс беріп, нөлмен шықты. Екінші матчта да ол өз командасына жеңіске жетуге көмектесті. Қарсылас жасаған 38 соққының 36-сына тойтарыс берді. "Снежные Барсы" өз голкиперінің батыл ойынының арқасында Павлодардан 6 ұпаймен қайтты.