Арлан финалда, Торпедо маусымды аяқтады. Плей-оффтың 12-інші күніне шолу

7 sáýir
1241

«Арлан» тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Торпедоны» демалысқа аттандырды.

«Торпедо» мен «Арланның» жартылай финалдағы бесінші кездесуі тек қосымша уақытта аяқталды. 60 минутқа созылған негізгі уақыттың қорытындысы бойынша таблодағы есеп 1:1 болды. Екінші овертаймда Константин Куликов көкшетаулықтарға сериядағы төртінші жеңісті және финалға жолдаманы сыйлады. «Арлан» өзінің турнир жолында тұрақты чемпионаттың үшінші командасы мен «біркелкі» біріншіліктің жеңімпазын жарыс жолынан тайдырды. Сергей Бердниковтің командасы болса, алтын үшін жорықты алтыншы орыннан бастаған болатын.

«Торпедо» – «Арлан» 1:2 ОТ2 (0:0, 0:0, 1:1, 0:1)

Сериядағы есеп: 1-4 (1:2, 2:1, 2:4, 2:3, 1:2 ОТ)

1:0 – 45:17 – Стулов (Савицкий, Угольников) ГБ

1:1 – 54:28 – Лакиза (Митряков) ГМ

1:2 – 96:14 – Куликов (Митряков, Бердников Р.)

Қақпашылар: Шутов – Демидов