«Торпедо» төрт рет қатарынан жеңді, «Снежные Барсы» Павлодардан 6 ұпаймен қайтты. 24 қазандағы матчтарға шолу

24 qazan
1576

Аноховскийдің дублі «Теміртауға» негізгі уақытта алғашқы жеңісті сыйлады. «Арлан» мен «Бейбарыс» «Ақтөбе» мен «Құлагерден» кешегі жеңілістерінің есесін қайтарды. «Снежные Барсы» Павлодардан 6 ұпаймен қайтты, Шайхмедденов дубль жасады. «Алматы» қонақтан ұпайсыз оралды, «Торпедо» чемпионаттың басында-ақ 12 ұпайдың барлығын қанжығаға байлады. «Номад» түзде «Горнякты» тізе бүктіріп, қатарынан үшінші жеңісін иеленді.

«Алтай Торпедо» Теміртаудағы екінші матчты жақсы екпінмен бастады, соның арқасында Виктор Богатырёвтің командасы бастапқы төрт минут ішінде екі шайба салып үлгерді. Алайда алаң иелері бойларын тіктеп, күш-жігер танытты. Бұл жолы жеңімпаз негізгі уақыт аясында анықталды. Дубль жасап, жеңіс сыйлаған шайбаның авторы атанған «Теміртау» шабуылшысы Никита Аноховский кездесудің қаһарманына айналды.

«Теміртау» – «Алтай Торпедо» 3:2 (1:2, 1:0, 1:0)

0:1 – 02:18 – Колобов (Худяков, Караваев) ГБ

0:2 – 03:46 – Линник (Белонохов)

1:2 – 12:37 – Грымзин (Галыгин, Аноховский) ГБ

2:2 – 24:43 – Аноховский

3:2 – 11:47 – Аноховский (Грымзин) ГМ

Қақпашылар: Селивёрстов – Нурек

«Ертіс» кешегі жеңілістен кейін ес жия алмай, «Снежные Барсы» командасына тағы да есе жіберді. Елордалық ұжым үйіне жақсы көңіл күймен қайтып барады. Елордалық команда құрамынан дубль жасаған Ансар Шайхмедденов көзге түсті.

«Ертіс» – «Снежные Барсы» 2:5 (1:2, 1:1, 0:2)

1:0 – 05:15 – Гурьев (Путилов) ГБ

1:1 – 07:58 – Гусейнов (Касенов, Бойко) ГБ

1:2 – 09:29 – Шайхмедденов (Касенов, Фокин)

2:2 – 26:09 – Асуханов (Милюков, Васильев) ГБ

2:3 – 39:02 – Маркабаев (Диханбек, Шульга)

2:4 – 53:04 – Касенов (Фокин, Шайхмедденов)

2:5 – 54:49 – Шайхмедденов (Касенов, Бойко)

Қақпашылар: Полошков – Павленко

«Бейбарыс» «Құлагерден» басым түсті. Артёма Аргоковтың ойыншылары әрбір кезеңде бір-бір нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып отырды. Осының өзі матчтағы жеңіс үшін жеткілікті болды.

«Құлагер» – «Бейбарыс» (1:1, 0:1, 0:1)

0:1 – 10:02 – Гевель (Старцев, Курепанов)

1:1 – 12:51 – Логинов (Первухин, Рамазанов)

1:2 – 33:36 – Курепанов (Старцев, Ишмаметьев)

1:3 – 55:28 – Ананичев Ар. (Бакика, Сулейманов)

Қақпашылар: Хозяшев – Севидов

«Торпедо» ойыншылары «Алматымен» тайталасты басынан аяғына дейін өз бақылауында ұстады және қарсыласқа ұпай жинауға ешбір мүмкіндік бермеді. Финалдық ысқырық Олег Болякин командасының чемпионаттың басындағы қатарынан төртінші жеңісін тіркеді.

«Торпедо» – «Алматы» 6:1 (2:0, 2:0, 2:1)

1:0 – 10:42 – Юксеев (Лихотников, Титов)

2:0 – 13:27 – Виноградов (Стулов, Тымченко) ГБ

3:0 – 29:56 – Угольников (Михайлов, Архипов) ГБ

4:0 – 30:06 – Титов (Лихотников)

4:1 – 41:27 – Качулин (Долгушев)

5:1 – 42:33 – Сироткин (Петросян, Угольников)

6:1 – 55:53 – Сироткин (Стулов, Меньщиков)

Қақпашылар: Сидоров – Полуэктов

Михаил Демидовтің «Арланның» соңғы шебіндегі сенімді ойыны «көкшеліктерге» «құрғақ» жеңіс әкелді. Тәжірибелі Дмитрий Шитиков өз есебіне екі шайба жазды.

«Арлан» – «Ақтөбе» 2:0 (1:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 11:13 – Шитиков (Бердников, Боровиков) ГБ

2:0 – 45:02 – Шитиков (Бердников, Киселев) ГБ

Қақпашылар: Демидов – Мальгин

«Номад» голкипер Владимир Крамарьдің сенімді ойынының арқасында «Горняктың» соққыларына тойтарыс берді және үшінші рет қатарынан жеңіске жетіп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.

«Горняк» – «Номад» 1:3 (0:1, 0:0, 1:2)

0:1 – 08:59 – Зубов (Муратов, Пархоменко)

0:2 – 40:57 – Муратов (Пархоменко, Ибрайбеков) ГБ

1:2 – 47:20 – Сошников (Лобанов, Муравьёв) ГБ

1:3 – 51:35 – Гатиятов (Комаровский, Данияр Сн.) ГМ

Қақпашылар: Акулинин - Крамарь