Pro Ligasy клубтарының әлеуметтік желілеріне шолу

6 sáýir
1569

Назарларыңызға хоккейден Қазақстан чемпионаты клубтарының өміріндегі ең қызықты оқиғаларға шолуды ұсынамыз.

«Бейбарыстың» өкілдері әзірге демалысқа кетуге асығар емес. Қаланың әлеуметтік тіршілігіне белсене араласуда. Жақын күндерде Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында әуесқой командалардың біркүндік турнирі өтіп, оған «Бейбарыстың» ойыншылары мен бапкерлері қатысты. Жарыстар қайырымдылық мақсатта өтіп, аяқталғаннан кейін жүлде қоры игі істерге жұмсалды.

«Құлагер» өзінің шабуылшысы Даниил Ищенко мен оның жары Людмилаға тұңғыштарының дүниеге келуіне орай жүрекжарды тілек арнады.

«Ертіс» Pro Ligasy-ның өткен маусымындағы өз ойыншыларының ойынын қорытындылай бастады. Тұрақты чемпионаттың соңында павлодарлықтар сапына жергілікті шәкірттер қосылды.

«Алтай Торпедоның» баспасөз қызметі Артём Синицынның қызықты сұхбатын ұсынды. Онда хоккейші өзінің мансап жолы қалай басталғанын еске алып, амплуасын өзгертуге мәжбүр болғаны және шаңырақ көтеруі туралы баяндады.

«Номадтың» ойыншылары Владимир Крамарь, Мадияр Ибрайбеков пен Саян Данияр «Сарыарқаға» қарсы жартылай финалдық серияны қорытындылады, сонымен қатар ерекше маусымнан алған әсерлерімен бөлісті.