«Сарыарқа» «Номадпен» төртінші матчты жеңіп, чемпионаттың финалына шықты. «Арлан» «Торпедоны» плей-оффтан ұшыруға таяды.
«Номад» жартылай финалдың төртінші матчында Бояркиннің қақпасын ала алмады. Вадим Зеленков пен Сергей Голоднюктің дөп салған соққылары серияны қорытындылады. «Сарыарқа» аз ғана кездесуден кейін Қазақстан чемпионатының финалына шыққалы отыр.
«Номад» - «Сарыарқа» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)
Сериядағы есеп: 0-4 (1:3, 2:3 ОТ, 1:2 4ОТ, 0:1)
0:1 – 03:29 – Зеленков (Воронков, Михайлов)
0:2 – 59:39 – Голоднюк (Зеленков) ПВ
Қақпашылар: Крамарь – Бояркин
«Арлан» «Торпедоға» қарсы өз алаңындағы екінші матчта да жеңді. Бірінші кезең үлкен екпінмен өтіп, көкшетаулық ұжым жеңіске жетті. Жеңісті шайба Виталий Жиляковтың есебінде. Командалар Өскеменге «көкшеліктердің» пайдасына шешілген 3-1 серия есебімен оралады. Келесі жеңіліс Олег Болякиннің командасын демалысқа аттандырары анық.
«Арлан» – «Торпедо» 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)
Сериядағы есеп: 3-1 (2:1, 1:2, 4:2, 2:3)
1:0 – 06:52 – Куликов (Бердников Р.)
2:0 – 11:18 – Куваев (Иванов, Жиляков)
3:0 – 24:55 – Жиляков (Демагин, Лакиза) ГБ
3:1 – 25:27 – Игнашин (Виноградов, Петросян)
3:2 – 57:18 – Шин (Стулов, Савицкий) ГБ
Қақпашылар: Румянцев – Шутов