«Арлан» «Торпедомен» серияда тағы да алға шықты. «Номад» пен «Сарыарқа» ұлттық чемпионаттар аясындағы ең ұзақ матчтың рекордын жаңарта жаздады.
«Арлан» мен «Торпедо» арасындағы үшінші кездесуде көкшетаулық хоккейшілер үстем болды. Бұл ойындағы шешуші оқиғалар екінші кезеңнің басында орын алып, қонақтардың қақпасына екі шайба аттанды. «Арлан» матчты жеңіспен аяқтап, төрт жеңіске дейінгі серияда алға шықты.
«Арлан» – «Торпедо» 4:2 (1:1, 2:0, 1:1)
Сериядағы есеп: 2-1 (2:1, 1:2, 4:2)
0:1 – 04:07 – Шин
1:1 – 08:27 – Александров (Боровиков, Жиляков)
2:1 – 20:10 – Шитиков (Боровиков, Бердников В.)
3:1 – 23:03 – Куликов (Бердников Р., Иванов)
4:1 – 57:58 – Митряков ПВ
4:2 – 59:49 – Лихотников (Кузнецов)
Қақпашылар: Румянцев – Сидоров
«Номад» пен «Сарыарқа» екінші рет негізгі ойын уақытынан асып ойнады. Кездесудің басты қаһармандары нағыз жекпе-жек ұйымдастырған Владимир Крамарь мен Никита Бояркин болды. Нәтижесінде, жеңімпаз тек төртінші овертаймда анықталды. Владислав Никулин қарағандылықтарға сериядағы үшінші жеңісті сыйлады.
«Номад» - «Сарыарқа» 1:2 4ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)
Сериядағы есеп: 0-3 (1:3, 2:3 ОТ, 1:2 4ОТ)
0:1 – 24:36 – Рыбаков (Сиксна, Никулин)
1:1 – 54:37 – Пелевин
1:2 – 125:47 – Никулин (Беляев, Зеленков)
Қақпашылар: Крамарь– Бояркин