Торпедо есепті теңестірді, Сарыарқа үйдегі екі матчта жеңді. Плей-оффтың тоғызыншы күніне шолу

31 naýryz
1414

«Торпедо» «Арланның» екпінін басып, сериядағы есепті теңестірді. «Сарыарқа» мен «Номад» жеңімпазды матчтың негізгі уақытында анықтай алмады.

«Торпедо» мен «Арланның» екінші жекпе-жегі алдыңғысын қайталады. Бүгін өскемендіктер бір шайбаға артық салып, финалдық ысқырыққа дейін жеңіске жетіп үлгерді. Шешуші соққыны Андрей Виноградов салды. Жеңімпаздар қақпашысы Андрей Шутов 27 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» – «Арлан» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

Сериядағы есеп: 1-1 (1:2, 2:1)

1:0 – 15:47 – Гренц (Лихотников, Кузнецов) ГБ

2:0 – 29:34 – Виноградов (Кузнецов, Гренц) ГБ

2:1 – 34:07 – Шитиков (Бердников В.)

Қақпашылар: Шутов – Румянцев

«Сарыарқа» «Номадпен» матчта жеңіске жетті. Қарағандылық ұжым артық ойыншының тиімді іс-қимылы арқылы алға шықты. Үш шайбаның үшеуін де Леонид Тамбиевтің командасы көпшілік құраммен салды. Дубль мен жеңісті соққы Антон Горбачёвке тиесілі. Командалар елордаға сериядағы «Сарыарқаның» пайдасына шешілген 2-0 есебімен аттанады.

«Сарыарқа» - «Номад» 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 1:0)

Сериядағы есеп: 2-0 (3:1, 3:2 ОТ)

0:1 – 31:58 – Данияр Сн. (Королёв, Рунов) ГБ

1:1 – 36:07 – Аноховский (Сиксна, Рахманов) ГБ

2:1 – 52:28 – Горбачёв (Михайлов, Аноховский) ГБ

2:2 – 55:02 – Яковлев (Королёв, Пелевин)

3:2 – 71:24 – Горбачёв (Сиксна, Грымзин) ГБ +2

Қақпашылар: Бояркин – Крамарь