Маусымның қорытындысы. Бейбарыс

31 naýryz
1257

ҚХФ баспасөз қызметі плей-оффтың бірінші раундының қорытындысы бойынша өз маусымын аяқтаған командалардың ойынын қорытындылады.

«Бейбарыс» (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 3-ші орын, ¼ финал кезеңінде ұшты)

Атыраулық ұжымның маусымға кіруі ұзақ болды. Бұған бірінші кезекте құрамдағы елеулі өзгерістер себеп болды. Алайда кейін «Бейбарыстың» Артём Аргоков бастаған бапкерлер штабы оңтайлы үйлесімдер тауып, батысқазақстандықтар ойын тұрғысынынан сапалы серпіліс жасады. Бұл бірден ұпай әкеле бастады, осылайша атыраулықтар тұрақты чемпионатты үшінші орынмен аяқтады.

¼ финалда «Бейбарыс» өзіне жақсы таныс «Арланмен» кездесті. Бұл серия алты кездесумен аяқталып, Аргоковтың командасы тіпті 2-1 есебімен алда келе жатты. Алайда төртінші жекпе-жекте көкшетаулықтар ойын барысын өзгертіп, қатарынан үш рет жеңіске жетті. Нәтижесінде, атыраулықтар үздік үштіктегі келесі раундқа өте алмаған жалғыз команда болды.

Кирилл Старцев маусымның қорытындысы бойынша «Бейбарыстың» ең нәтижелі ойыншысы атанды. Шабуылшының есебінде 49 (18+31) ұпай бар. Денис Курепановтың қоржынында 22 шайба бар.

- Чемпионаттың соңы жолшыбай өтті. Біз бір ай ішінде 14 матч ойнадық, сапарлар көп болды, - дейді «Бейбарыстың» бас бапкері Артём Аргоков. – «Арланмен» серияның соңына қарай команданың шаршағаны байқалды, ойын қарқыны бәсеңдеді. Жігіттер техникалық қателіктерге бой алдырды, шешуші сәттерде мүлт кетті. Төртінші ойында овертаймда есе жіберіп, бәрі қиыс кетті. Алаңды бақылауда ұстадық, көп соққы жасадық, ұтымды сәттер көп болды, алайда жүзеге асыра алмадық. Жанкүйерлерімізге үлкен алғыс айтқым келеді, келесі маусымда трибунадан көреміз деп үміттенем.