«Арлан» «Торпедоны» плей-оффтағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. «Сарыарқа» жартылай финалдық серияда «Номадпен» ойнап, алға шықты.
«Торпедолықтар» бірінші кезеңнің ортасында Дмитрий Стуловтың арқасында есеп ашты. Екінші кезеңде қонақтар басым түсіп, Александр Ханьжин мен Владимир Маркелов «Арланның» үстемдігін арттырды. Нәтижесінде, осы серпіліс шешуші болды. «Арлан» маусымда алғаш рет «Торпедоны» жеңіп, жартылай финалдық серияда алға озып шықты. Қонақтардың қақпашысы Илья Румянцевтің есебінде тойтарылған 29 соққы бар.
«Торпедо» – «Арлан» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)
Сериядағы есеп: 0-1 (1:2)
1:0 – 10:12 – Стулов (Угольников,ф Савицкий) ГБ
1:1 – 33:45 – Ханьжин (Демагин, Егоров)
1:2 – 35:29 – Маркелов (Шитиков)
Қақпашылар: Сидоров – Румянцев
«Сарыарқа» екінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, «Номадпен» алғашқы жартылай финалдық кездесуді қиналмастан жеңіске жеткізді. Шешуші шайбаның авторы – Анатолий Шишов. Голкипер Никита Бояркин қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.
«Сарыарқа» - «Номад» 3:1 (1:1, 2:0, 0:0)
Сериядағы есеп: 1-0 (3:1)
1:0 – 11:33 – Голоднюк (Михайлов, Сиксна)
1:1 – 18:22 – Александров (Яковлев)
2:1 – 31:25 – Шишов (Сиксна, Желнеровский)
3:1 – 39:44 – Голоднюк (Борисевич, Беляев)
Қақпашылар: Бояркин – Крамарь