Маусымның қорытындысы. Теміртау

30 naýryz
1387

ҚХФ баспасөз қызметі плей-оффтың бірінші раундының қорытындысы бойынша өз маусымын аяқтаған командалардың ойынын қорытындылады.

«Теміртау» (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 4-ші орын, ¼ финал кезеңінде ұшты)

Роман Козлов командасының бұл нәтижеге көңілі толуы екіталай. Металлургтар қаласынан шыққан ұжым ұзақ уақыт бойы тұрақты чемпионат көшбасшыларының үштігінде болды. Алайда, чемпионаттың ақтық мәресінде «Снежные Барсы» мен «Ақтөбеден» күтпеген жеңілістер «Теміртауды» төртінші қатарға ығыстырды. Демек, плей-оффтың бірінші кезеңінде «сары-қаралар» елордалық «Номадпен» қауышады.

Бұл ширекфиналдық серия минималды матч санымен аяқталды. Егер екінші жекпе-жекті назарға алмасақ, «теміртаулықтар» өткен кездесулердің әрқайсысында «көшпенділерге» соққыны боратты. Команда екі рет жеңімпазды овертаймда анықтады. Дегенмен, екі жас ұжымның бұл тартысында әрі қарай «Номад» өтті.

«Теміртаудың» маусымдағы үздік бомбардирі Владислав Кулиев (44 балла, 20+24) болды. Шабуылшы сондай-ақ салынған шайба мен берілген пас бойынша да өз командасының көшбасшысы болып табылады. Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Владислав Лиганың алтыншы бомбардирі атанды.

- Біріншіден, жігіттерге алғыс айтқым келеді. Сериядағы 0-4 есебіне қарамастан, барлық ойындар жақсы, тартысты өтті, - дейді қорытынды жекпе-жектен кейін «Теміртаудың» бас бапкері Роман Козлов. – Тек екінші ойын ғана көңілімізден шықпады, ол үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Жігіттердің ешқайсысының салы суға кеткен жоқ, соңына дейін барын салды. Команда белгілі бір қалыптасу деңгейінен өтті. Жақсырақ ойнай алатынымызды сезіндік.