Pro Ligasy тұрақты чемпионатының үздік ойыншылары. 4-ші бөлім

28 naýryz
1822

Назарларыңызға өткен тұрақты чемпионаттың ерекше көзге түскен ойыншыларын ұсынамыз.

Үздік жас ойыншылар

Владислав Сайко («Снежные Барсы»)

Аяқталған маусымдағы чемпионаттың ең жас ұжымының жетекші ойыншыларының бірі. Владислав 16 (11+5) ұпай жинап, «Снежные Барсы» командасының үздік бомбардирі және сұр мергені атанды. Оның қоржынында көпшілік құрамдағы 3 гол және аз құрамдағы 1 гол бар. 39 матч бойынша Сайко қарсы қақпаға 111 соққы бағыттап, 22 соққыны бұғаттады.

Владислав Власов («Горняк»)

Жас шабуылшы «Горняктың» құрамына бірден сіңіп кетті және нәтижелілік тұрғысынан тамаша маусым өткізді. Власовтың есебінде 25 (18+7) балл бар, ол жүзеге асырылған соққылардың өте жоғары пайызымен(20,22) салынған шайбалар бойынша өз командасының көшбасшысы. Владислав екі рет көпшілік құраммен, бір рет аз құраммен көзге түсті.

Иван Зинченко («Ақтөбе»)

Жас болғанына қарамастан, Зинченко ақтөбеліктердің шабуылдағы басты қозғаушы күші атанды. Оның тұрақты чемпионатта пайдалылық көрсеткіші (+16) болып, өз командасының үздік бомбардирі, сұр мергені және ассистенті болды (36 балл, 19-17). Айтып өтетін жайт, Иван сан жағынан аз құраммен ойнау барысында өз қоржынына 3 шайба салды. Маусым бойы ол қарсыластың қақпашысын 114 рет састырды.