Алғашқы сенсация, «Теміртаудың» бірінші жеңісі. 23 қазандағы матчтарға шолу

23 qazan
1403

«Теміртау» «Алтай Торпедомен» қақтығыста жеңісті жұлып әкетті. «Номад» «Горняктың» қақпасына бес шайба салып, екінші рет қатарынан жеңіске жетті. «Торпедо» «Алматыны» састырып, турнир кестесінде айқын бірінші орынға шықты. «Ақтөбе» «Арланмен» матчтың үшінші кезеңінде жойқын соққылар беріп, өз қоржынын үш ұпайға толықтырды. «Құлагер» бірінші болып шайба өткізді, дегенмен матч барысында бойды тіктеп, «Бейбарысты» басып озды. «Снежные Барсы» чемпионаттағы алғашқы сенсацияларын жасады: Павлодарда өз қақпасына бірде бір шайба садырмай, «Ертісті» жеңіп кетті.

"Теміртау" маусымдағы алғашқы матчтында есеп бойынша төрт рет есе жіберді, оның үстіне төрт шайбаны да қонақтар көпшілік болып салды. Дегенмен, «Алтай Торпедо» жеңіс тұғырынан көріне алмады. Сары-қаралар үшінші кезеңнің соңына қарай есе қайтарды. Ал овертаймда алаң иелерінің капитаны Евгений Лызин өз командасына алғашқы жеңісті сыйлады.

"Горняк" маусымның бірінші ойынында өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Екпіндеп келе жатқан «Номад» қарсыластарын бес рет сан соқтырып, екінші жеңісіне қол жеткізді.

"Торпедо" ойын басындағы жылдам салған екі шайбасының арқасында үшінші кездесуді де жеңіспен ааяқтады. Олег Болякиннің ойыншылары он ұпаймен чемпионаттың бірінші орнына шықты.

"Ақтөбе" соңғы ойын кезеңінде үш шайба салып, «Арланмен» кездесуде жеңісті өз есебіне жазды. Жеңісті шайбаның авторы – Павел Жилин.

"Бейбарыс" «Құлагермен» матчта есепті үшінші минутта-ақ ашты. Алайда ары қарай шайбаны тек көк киімдегілер салып отырды. 4:1 есебімен аяқталған жеңістің арқасында петропавлдықтар ұпай жинаған ойындар сериясын жалғастырды.

«Снежные Барсы» «Ертісті» көбінесе күтпеген жерден састырып отырды. Александр Истоминнің командасы үш ұпай жинап қана қоймай, алаңнан өз қақпасына бір де бір шайба салдырмастан кетті. Кездесудің басты қаһарманы 53 соққыға тойтарыс берген елордалық ұжымның қақпашысы Максим Павленко болды. Сонымен қатар, қатарынан үшінші матчта шайба салған шабуылшы Владислав Сайконы да ерекше атап өткен жөн.