Pro Ligasy маусымының төртінші жартылай финалисі көкшетаулық «Арлан» болды.
Көкшетаулықтар бірінші кезеңді сенімді өткізіп, екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Алайда екінші кезеңнің ортасында «Бейбарыс» небәрі 33 секунд ішінде есе қайтарды. Қорытынды кезеңде шайба салынбады. Ал овертаймда қонақтарға жеңіс пен жартылай финалға жолдаманы Вадим Митряков дөп салған соққы сыйлады. Сергей Бердниковтің ойыншылары серияны 4-2 есебімен өз пайдасына шешті.
Финалға жолдама алу үшін көкшеліктер «Торпедомен» күресетін болады. Екінші жартылай финалдық жұпты «Сарыарқа» мен «Номад» құрады.
«Бейбарыс» – «Арлан» 2:3 ОТ (0:2, 2:0, 0:0, 0:1)
Сериядағы есеп: 2-4
0:1 – 06:17 – Бердников Р. (Ханьжин, Куликов)
0:2 – 17:21 – Раенко (Егоров, Ханьжин)
1:2 – 31:40 – Воробьёв (Ишмаметьев) ГБ
2:2 – 32:13 – Боровков (Зинченко)
2:3 – 74:03 – Митряков (Лакиза, Жиляков)
Қақпашылар: Иванов – Румянцев