Маусым қорытындысы. Горняк

24 naýryz
1082

ҚХФ баспасөз қызметі тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша өз маусымын аяқтаған командалардың ойынын қорытындылайды.

«Горняк» - тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 10-шы орын

Рудныйлықтар чемпионатты жаман бастаған жоқ, тіпті ұзақ уақыт бойы плей-офф аймағында болды. Алайда әрі қарай бәсекелестер қарқын алды, ал «Горняк» керісінше, есе жібере бастады. Қаңтарда Сергей Невструевтің ұжымы алты матчтың бесеуінде жеңіліске ұшырады. Дәл осындай жағдай наурыз айында қайталанды. Мұндай нәтиже «кеншілерге» өз маусымын жалғастыруға мүмкіндік бермеді.

Жалпы алғанда, рудныйлықтар тұрақты чемпионат бойы 17 жекпе-жекте жеңіп, 51 балл жинады. Плей-офф аймағынан 17 балл артта қалды. 100 шайбалық деңгейге жетуге 2 нәтижелі соққы жетіспеді, бұл нәтиже бойынша Невструевтің ойыншылары чемпионаттың ең нашар командаларының төрттігіне кіреді.

Тұрақты чемпионатта команданың үздік бомбардирі және ассистенті Александр Воронин болды. Шабуылшының қоржынында 27 (9+18) балл бар. Владислав Власов 18 гол салды.

- Барынша күрестік, тартыстық, алайда, өкінішке қарай, маусымды аяқтаймыз, - деп қорытындылады «Горняктың» бас бапкері Сергей Невструев. – Плей-оффтан үмітіміз үзілген кезде, жігіттерге қалған ойындарды жақсылап ойнау керектігін айттым. Себебі бұл – келесі маусымның іргетасы. Соңғы матчтарды жанкүйерлердің қатысуымен ойнағанымыз қуантады, дегенмен солар үшін ойнаймыз ғой. Келесі маусымда тегеурінді болып, плей-оффқа шығамыз.